Page 101 - indexf
P. 101

Жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуін қамтамасыз
ететін тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің қызметі біртіндеп
күшейеді. Кез келген жұмыстың басында бұлшық ет жиырылуы
негізінен анаэробтық механизмдер энергиясы есебінен, яғни сүт
қышқылының түзілуімен анаэробтық гликолиз, АТФ, КрФ ыдыра-
уы есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс басындағы организмнің
(жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіге қажеттілігі мен бабы-
на келу кезеңіндегі олардың арасындағы шынайы қанағаттануының
сәйкес келмеуі оттектік тапшылыққа әкеледі.

    Ауыр емес аэробтық жаттығуларды (тіпті, субмаксимал-
ды аэробтық қуаттылықты жұмыстарға дейін) орындау кезінде
оттектік тапшылық «тұрақты» күйдің бастапқы кезеңінде оттегі
пайдаланудың біраз артық мөлшері есебінен сол жаттығу кезінде-ақ
жабылады («төленеді»). Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық-
ты жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылықтың тек біразы
сол жұмыс кезінде-ақ жабылуы мүмкін, ал оның көп дәрежеде
қалпына келу кезеңіндегі оттектік қарыздың айтарлықтай бөлігін
құрай отырып, жұмысты тоқтатқаннан соң жабылуы орын алады.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде
оттектік тапшылық оттектік қарыздылықтың өте елеулі бөлігін
құрай отырып, қалпына келу кезеңінде тұтасымен жабылады.

    Оттегі тапшылығы түзілуіне әкелетін жұмыс басында оттегі
пайдаланудың баяулап артуы ең алдымен, тыныс алу және қан
айналу жүйелері қызметінің инертті күшеюімен, яғни бұлшық
ет әрекетіне оттегі тасымалдау жүйесінің баяу бейімделуімен
түсіндіріледі. Бірақ оттектік тапшылық туындауының жұмыс
атқарушы бұлшық еттердегі энергиялық метаболизмінің өзінің ки-
нетикасы ерекшеліктерімен байланысты басқа да себептері бар.

    Бабына келу үдерістері неғұрлым тезірек (қысқарақ) болған
сайын соғұрлым оттектік тапшылық азырақ болады. Сондықтан
бірдей аэробтық жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылық
жаттықпаған адамдарға қарағанда, жаттыққан спортшыларда азырақ
болады.

«Өлі нүкте» және «екінші тыныс алу»

    Жаттықпаған адамда ұзақ және ауыр бұлшық ет жұмысын
орындай бастағаннан бірнеше минуттан кейін жұмысты әрі қарай

           101

⇐ МАЗМҰНЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106