Page 100 - indexf
P. 100

дында тұрған жұмыстың орындалуына бейімделеді. Ол үдеріс бары-
сында:

    1)	 қозғалысты және вегетативтік үдерістерді басқаратын
жүйкелік және нейрогуморалдық механизмдердің құрылулары;

    2)	 қажетті қозғалыс стереотипін (сипаты, түрі, амплитудасы,
жылдамдығы, күші және ырғағы бойынша) біртіндеп қалыптастыру,
яғни қозғалыс координациясын арттыру;

    3)	 бұлшық ет әрекетін қамтамасыз ететін вегетативтік қызмет-
тің қажетті деңгейіне жету жүреді.

    Бабына келудің бірінші ерекшелігі – аталмыш кезеңдегі
вегетативтік үдерістердің жүйкелік және гуморалдық реттелуі
сипатымен айтарлықтай шамада байланысты осы үдерістердің
күшеюіндегі салыстырмалы баяулығы, вегетативтік қызметтің
инерттілігі.

    Бабына келудің екінші ерекшелігі – гетерохронизм, яғни
организмнің жеке қызметтерінің күшеюінің бір уақытта болма-
уы. Қозғалыс аппаратының бабына келуі вегетативтік жүйелерге
қарағанда, тезірек жүреді. Вегетативтік жүйелер қызметінің түрлі
көрсеткіштері, бұлшық ет пен қандағы метаболизмдік заттар кон-
центрациясы әртүрлі жылдамдықпен өзгереді. Мысалы, жүректің
минуттық қан көлемі мен қан қысымына қарағанда, ЖЖЖ
тезірек өседі, оттегі пайдалануға қарағанда, ӨВ тезірек күшейеді
(М. Я. Горкин, 1986).

    Бабына келудің үшінші ерекшелігі – орындалатын жұмыс
қарқындылығымен (қуаттылығымен) физиологиялық қызметтер
өзгерістері жылдамдығы арасындағы тура тәуелділіктің болуы,
яғни орындалатын жұмыс қарқынды болған сайын, соғұрлым оның
орындалуымен тікелей байланысты организм қызметінің бастапқы
күшеюі тезірек жүреді. Сондықтан бабына келу кезеңі ұзақтығы
жаттығу қарқындылығымен (қуаттылығымен) кері тәуелділікте бо-
лады. Мысалы, оттегі пайдаланудың қажет деңгейіне жету үшін ба-
бына келу кезеңі аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларда шамамен,
7-10 мин, орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 5-7 мин,
субмаксималды қуаттылықты жаттығуларда 3-5 мин, максималдыға
жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 2-3 мин-қа дейін, макси-
малды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 1,5-2 мин-қа созылады.

    Бабына келудің төртінші ерекшелігі – спортшының
жаттықтырылу деңгейі жоғары болған сайын соғұрлым сол бір
жаттығуды орындау кезінде бабына келу үдерісі тезірек өтеді.

                                      100

⇐ МАЗМҰНЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105