Page 104 - indexf
P. 104

дау барысында оттегі пайдалану жылдамдығының тез артуымен си-
патталатын бабына келу кезеңінен кейін ұзақтығы өте аз болса да,
бірақ біртіндеп жоғарылайтын келесі кезең басталады. Сондықтан
бұл жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «шартты» тұрақты
күй ретінде белгілеуге болады. Жоғары қуаттылықты аэробтық
жаттығуларда сол жұмыс уақытындағы оттектік сұраныс пен оның
қанағаттануы арасында толық тепе-теңдік болмайды. Сондықтан
олардан кейін неғұрлым жұмыс қуаттылығы мен ұзақтығы жоғары
болған сайын, соғұрлым көп оттектік қарыз тіркеледі.

    Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда бабына
келудің қысқа кезеңінен соң оттегі пайдалану ОМП (оттектік төбе)
деңгейіне жетеді және сондықтан оның одан әрі артуы мүмкін бол-
майды. Кейде тек жаттығудың соңына таман төмендейтін ол әрі
қарай осы деңгейде қалады. Сондықтан максималды аэробтық
қуаттылықты жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «жалған»
тұрақты күй кезеңі деп атайды.

    Анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда екінші жұмыс кезе-
ңін бөліп көрсетуге болмайды, өйткені оларды орындау барысын-
да барлық уақытта оттегі пайдалану жылдамдығы тез жоғарылайды
және басқа да физиологиялық қызметтердің өзгерістері жүреді. Осы
мағынада анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда тек бабына келу
кезеңі бар деп айта аламыз.

    Кез келген аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындаудың
екінші кезеңі барысында (оттегі пайдалану жылдамдығы бойынша
анықталатын шынайы, шартты немесе жалған тұрақты күй) көптеген
жетекші физиологиялық көрсеткіштер баяулап өзгереді (29-сурет).

    29-сурет. Субмаксималды аэробтық жұмыс барысында жүрек-тамыр
жүйесі қызметі («дрейф») көрсеткіштерінің өзгерістері (0-ге жұмыстың 10

           минутында көрсеткіштер алынған) (Я. М. Коц бойынша)

                                      104

⇐ МАЗМҰНЫ
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109