Page 98 - indexf
P. 98

мин. дейін) «жұмыс істеуге» әкеледі. Сөре алдыңғы шектен тыс
қозуды кетіру үшін қалпына келтіруші массаж, ал апатия кезінде
мобилдейтін массаж пайдалы. Массаждың физиологиялық әсерінің
тиімділігі психикалық реттеуші жаттықтыру құралдарын пайдалану
кезінде арта түседі.

    Бой жазу мен тынығудан соң жарысқа қатысу кезінде пульс
130 екп/мин. төмен болмау керек, бұл әсіресе, циклдік спорт
түрлеріне (жүгіру, ескек есу, жүзу, веложарыс, шаңғы жарыс және
т.б.) қатысатын спортшылар үшін ерекше маңызды. Әйтпесе, ба-
бына келу үдерістері созылып және әлсіз дайындалған немесе ауы-
рып жазылған спортшыларда оң жақ қабырға астында немесе жүрек
тұсында ауырсыну немесе құрсақ қуысында шаншу, түйілу туын-
дайды.

    В. М. Смирнов, В. И. Дубровскийдің 18 спорт түрлеріне жүргізген
зерттеулері бойынша көбіне, спортшы (циклдік спорт түрлерінде,
күрес, бокс және т.б.) жарыстарға шыққанда пульстары 160-тан 200
екп/мин. және одан жоғары, ал өкпе вентиляциясы 100-160 л/мин.
және одан жоғары болады.

    Активті бой жазудың маңызды нәтижесі максималды бұлшық ет
әрекеті жағдайында тыныс алу, қан айналу және қозғалыс аппараты
қызметтерінің реттелуі мен үйлесуі болып табылады.

    Бой жазу арнайы жаттығулардан (жүгіру, секіру, жалпы дамыту-
шы жаттығулар, созғылау жаттығулары, т.б.) тұрады және: 1. Жал-
пы; 2. Арнайы сияқты 2 бөлімнен құралады.

    Жалпы бой жазу спорттың барлық түрлерінде бірдей бо-
луы мүмкін. Ол дене температурасының жоғарылауы, ОЖЖ
қозғыштығы, оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің, бұлшық ет және
басқа мүшелер мен ұлпалардағы зат алмасудың күшеюіне әкелетін
әртүрлі жаттығулардан тұрады.

    Арнайы бой жазу спорт түрлерімен тығыз байланысты. Ол
өзінің сипаты бойынша орындалатын әрекетке жуықтау болуы
тиіс. Жұмысқа сол негізгі (жарыс) жаттығуларды орындау кезіндегі
қатысатын жүйелер мен дене мүшелері қатысуы керек. Бой жазудың
бұл бөліміне ОЖЖ қажетті «құрылуларын» қамтамасыз ететін
координациялығы жағынан күрделі жаттығуларды кіргізген жөн.

    Бой жазудың ұзақтығы, қарқындылығы және бой жазу мен негізгі
әрекет арасындағы интервал көптеген факторлармен: орындалатын
жаттығу сипатымен (спорт түрімен), спортшының функциялық

           98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103