Page 108 - indexf
P. 108

V тарау
Спортшылар қажуының және қалпына

    келуінің физиологиялық негіздері

                                   Қажу түсінігі

    Қажу үдерісі – дене жұмысын орындау кезеңінде түрлі мүшелер,
жүйелер және тұтас организмде жүретін ақыр аяғында оны
жалғастырудың мүмкін болмауына әкелетін өзгерістер жиынтығы.
Қажу күйі жұмыс әсерінен шаршауды субъективті сезінумен көріне-
тін жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуімен сипатталады.
Адам қажу күйінде қажетті жұмыс қарқындылығы деңгейін және
(немесе) сапасын (орындау техникасын) ұстап тұруға мүмкіндігі
жетпейді немесе оны жалғастырудан бас тартуға тура келеді.

    Қажу – жұмыс салдарынан және қайта қалыптасу үдерістерінің
жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі реттеуші механизмдер мен жүйелердің, мүшелердің өзара
әрекеттестігінің бұзылуы және шаршау түйсігі арқылы сипатталады.

    Қажу жұмыс кезінде организмді әлсіретпеу және оны әсіресе,
стрестен сақтау әрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол организмнің
қосалқы мүмкіндіктерін іске қосып, жұмысқа қабілеттілікті көтеретін
қайта қалыптастыру үдерістеріне аса зор ықпалын тигізеді.

    Қажу күштің және төзімділіктің азаюымен, қозғалыс
координациясының төмендеуімен, сол бір жұмысты орындау
кезінде жұмсалатын энергияның артуымен, ақпаратты қайта өңдеу
жылдамдығының баяулауымен, естің (зерденің) төмендеуімен және
зейіннің шашырауымен, т.с.с. көрінеді. Қажу критерийі жұмыстың
сандық және сапалық көрсеткіштерінің, сонымен қатар жұмыс
кезіндегі дене қызметінің немесе арнайы қойылатын сынақтарға
(тест) жауап берудегі өзгерістер болып табылады.

    Кез келген жұмыс түрінде қажудың алдын алудың тиімді тәсілі
еңбек мотивациясын және дене дайындығын жоғарылату болып са-
налады.

    Шаршау – ұзақ немесе қарқынды жұмыс кезінде туындайтын
физикалық, биохимиялық және психофизиологиялық қызметтер
өзгерістерінің жиынтығымен көрінетін қажуды субъективті сезіну.

           108

⇐ МАЗМҰНЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113