Page 109 - indexf
P. 109

Сол бір жүктемеге туындаған қажудың тереңдігі белгілі
бір жұмыс түріне бейімделу мен спортшының жаттықтырылу
дәрежесіне, физикалық пен психикалық күйіне, мотивация және
жүйке-эмоциялық абыржу деңгейіне байланысты. Дене еңбегінде,
кез келген ауырлықта (қарқындылықта) орындалатын жаттығуларда,
сонымен қатар ой еңбегінде қажу дәрежесі жалпы дене жұмыс
қабілеттілігінің деңгейі төмен болған сайын жоғары болады.

Қажу локализациясы (жинақталуы) және механизмдері

    Сипаты мен қуаттылығы бойынша әртүрлі жаттығуларды орын-
дауда физиологиялық жүйелердің қатысу деңгейі бірдей емес.
Кез келген жаттығуды орындау кезінде қызметтік мүмкіндіктері
адамның сол жаттығуды қажетті қарқындылық пен (немесе)
сапа деңгейінде орындау қабілетін анықтайтын негізгі жетекші
жүйелерді бөліп көрсетуге болады. Бұл жүйелердің олардың макси-
малды мүмкіндіктеріне қатысты жүктелу дәрежесі сол жаттығуды
орындаудың шекті ұзақтығы мен (немесе) сапасын анықтап қана
қоймай, яғни қажу күйінің туындау кезеңін анықтайды. Сонымен,
жетекші жүйелердің қызметтік мүмкіндіктері сол жаттығудың орын-
далу қарқындылығын, шекті ұзақтығын және (немесе) сапасын
анықтап қана қоймай әрі лимиттейді.

    Әртүрлі жаттығуларды орындау кезінде қажу себептері әркелкі
болады. Қажудың негізгі себептерін қарастыру екі негізгі түсінікпен
байланысты. 1-түсінік – қажу локализациясы (жинақталуы), яғни сол
жетекші жүйелердің (немесе жүйенің) функциялық өзгерістері қажу
күйінің туындауын анықтайды. 2-түсінік – қажу механизмдері, яғни
жетекші физиологиялық жүйелер қызметіндегі сол нақты өзгерістер
қажудың дамуын негіздейді.

    Қажудың жинақталуы бойынша кез келген жаттығудың орында-
луын қамтамасыз ететін жүйелердің:

    1.	Реттеуші жүйелер – орталық жүйке жүйесі, вегетативтік жүйке
жүйесі және гормондық-гуморалдық жүйе;

    2.	Бұлшық ет әрекетін вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері –
тыныс алу, қан және қан айналу жүйелері;

    3.	Орындаушы жүйе – қозғалыс (перифериялық немесе шеткі
жүйке-бұлшық ет) аппараты сияқты 3 негізгі тобын қарастыруға бо-
лады.

           109

⇐ МАЗМҰНЫ
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114