Page 110 - indexf
P. 110

Қажудың пайда болуында жоғары жұмыс қабілеттілігі
сақталатын, ерік күшімен демелетін жасырын, жеңуге болатын қажу
болады. Қозғалыс әрекетінің үнемділігі бұл жағдайда төмендейді,
жұмыс жоғары энергия жұмсалумен орындалады. Бұл өтелетін
қажудың түрі. Жұмысты әрі қарай орындау кезінде өтелмейтін қажу
пайда болады. Бұл күйдің басты белгісі жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі болып табылады. ОЖЖ-нде қорғану тежелуінің дамуы
жұмысты тоқтатуға әкеледі. Өтелмейтін қажу кезінде бүйрекүсті безі
қызметі төмендейді, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі азаяды,
анаэробтық гликолиз үдерістерінің екіншілік күшеюі жүреді. Дене
жаттығуларын орындау кезінде дамитын қажу олардың тиімділігінің
және спорттық нәтиженің төмендеуіне әкеледі.

    Қажудың даму механизмін тереңірек ұғынбай жаттықтыру
үдерісін дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес. Қажу физиологиясын-
да кеңінен тараған нейрогендік қағиданың негізін И. М. Сеченов
қалаған. Ол өзінің эргографиялық жұмыстары арқылы белсенді
тынығу феноменін ашып, бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі жүйке орталығына байланысты екендігін көрсетті. Оның
бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан әрі дамыды.

    И. П. Павлов қажу мен қалпына келуді бір үдерістің екі жағы
деп түсіндіреді. Олардың қатынастары – тірі құрылымның әрекет
күйі немесе төмен белсенділікке ауысуы негізі. И. П. Павлов идея-
ларын Г. Ф. Фольборт дамытып, қажуды түгесілу мен қалпына келу
үдерістері арақатынастарына тәуелді күй ретінде қарастырудың
принциптік дұрыстығын көрсетті.

    Н. Е. Введенский мен А. А. Ухтомскийдің зерттеулері бойынша,
қажу орталық тежелуден және жұмыс әрекетінің үйлеспеушілігінен
шығады. Л. А. Орбели және оның шәкірттері қажуды жүйке
орталығына әсер ететін шашыраңқы вегетативтік әсерленістерден
туады деп санады.

    Кез келген жаттығуды орындау кезінде бұлшық ет әрекетін және
оның вегетативтік қамтамасыз етілуін реттейтін жүйке орталықтары
күйінің функциялық өзгерістері жүреді. Мұнда қажуға неғұрлым
«сезімтал» ми қыртысындағы жүйке орталықтары болып табыла-
ды. Орталық жүйкелік қажу қызметтердің, соның ішінде қызметтер
(соның ішінде, қозғалыс) координациясының бұзылуымен, шаршау
сезімінің туындауымен көрінеді. И. М. Сеченов (1903) өз еңбектерін-
де «шаршауды сезіну көзі кәдімгі жұмыс атқарушы бұлшық еттер
болса, мен оны . . . ОЖЖ-не жатқызамын», – деп жазған.

                                      110

⇐ МАЗМҰНЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115