Page 111 - indexf
P. 111

Орталық-жүйкелік қажу механизмдері көп қырынан әлі де
ашылмаған. И. П. Павлов теориясына сәйкес жүйке жасушаларының
қажуы – олардың қарқынды немесе ұзақ белсенділік әсерінен ту-
ындайтын қорғаныс тежелуінің көрінуі. Мұндай тежелу жұмыс
кезінде ОЖЖ барлық деңгейіне, тіпті, ми қыртысына дейін
жеткізілетін жұмысшы бұлшық ет, буын рецепторларынан қарқынды
пропиоцептивті импульсация нәтижесінде туындайды. Тежелу –
жүйке жүйесін сақтайтын, ал ол арқылы нәтижесі организмнің
тіршілік қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін болатын барлық мүшелер
мен ұлпаларды түгесілуден қорғайтын әмбебап механизм.

    Қажу вегетативтік жүйке жүйесі және ішкі секреция бездері
қызметтерінің өзгерістерімен байланысты болуы ықтимал.

    А. А. Виру бойынша екіншісінің әсіресе, ұзақ жаттығулар
кезінде маңызы зор. Бұл жүйелер қызметінің өзгерістері бұлшық ет
әрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуін, вегетативтік қызметін
реттеудегі бұзылуларға әкелуі мүмкін.

    Қажудың туындау себептері вегетативтік қамтамасыз
ету жүйелерінде, ең алдымен, тыныс алу және жүрек-тамыр
жүйелерінде орын алған көптеген физиологиялық өзгерістері болуы
мүмкін. Мұндай өзгерістердің басты салдары жұмыс атқарушы адам
организмінің оттегі тасымалдау қызметтерінің төмендеуі болып та-
былады.

    Қажу орындаушы аппараттың, яғни жұмыс атқарушы бұлшық
еттің өзінде жүретін өзгерістермен де байланысты болуы мүмкін.
Мұнда бұлшық еттік (шеткі) қажу немесе бұлшық ет талшығы жиы-
рылу аппаратының өзіндегі, немесе жүйке-бұлшық ет синапсындағы,
немесе бұлшық ет талшықтарының электрлік-механикалық байла-
ныс жүйесіндегі туындайтын өзгерістер нәтижесі болып табылады.
Кез келген осы локализациялар кезінде бұлшық еттік қажу бұлшық
еттің жиырылу қабілетінің төмендеуімен көрінеді (31-сурет).

    Соңғы жылдары адам бұлшық етінің қажуын түсіндіру үшін
ұсынылған ми қыртысы теориясы бойынша, қажуға орталық
жүйке жүйесінің күйі (эмоция, сезу тітіркендіргіштері, белсенді
тынығу, автоматты (дағдылы) қимылдар, т.б.) зор ықпалын тигізеді.
Өйткені қажудың орталық механизмдері ми қыртысы деңгейінде
тұйықталатындығы көрсетіледі. Қажу кезінде жұмыс қабілеттіліктің
динамикасы қозғалыс талдағышының тежелуші элементтерімен бай-
ланысты. Жұмыстың бастапқы кезінде жоғары өрлейтін импульс-

           111

⇐ МАЗМҰНЫ
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116