Page 113 - indexf
P. 113

бұрынғы қалпына келеді. Пессимум жиілікте тітіркендіргіш
жиілігін төмендетсе (өзгертсе) болғаны, бұлшық ет дем алмай-
ақ тітіркендіргіш күшіне сәйкес жиырылады және қажыған етте
кездесетін химиялық өзгерістер мен контрактура мұнда болмайды.
Қажи бастаған кезде еттің латенттік кезеңі ұзарады, жиырылу күші
(амплитудасы) біртіндеп төмендейді. Бұлшық еттің босауы көпке со-
зылады, жұмысы тоқтағанмен ет толық босамайды. Мұны қалдық
жиырылу (сіресу) немесе контрактура деп атайды. Контрактураның
шамасы тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Контрактура кей-
де басқа себептермен де ауру сезімін тудыратын тітіркендіргіштің
әсерінен, ацетилхолиннің немесе адреналиннің көбеюінен,
симпатикалық жүйке қозуынан және еттегі ыдыраған заттар бұрынғы
деңгейіне келмесе, жұмыс кезінде зат алмасуы қарқынына байланы-
сты еттің температурасы 45-60°С-қа дейін жоғарыласа пайда бола-
ды.

    Өткен ғасырдың өзінде бұлшық ет қажуының:
    1.	Энергиялық ресурстардың түгесілуі, әлсіреуі;
    2.	Энергиялық заттар ыдырау өнімдерінің жинақталуынан бітелу
немесе улану;
    3.	Оттегінің жеткіліксіз түсуінен тұншығу сияқты 3 негізгі
механизмі қалыптасқан.
    Қазіргі кезде түрлі жаттығуларды орындау кезінде қажудың пай-
да болуында бұл механизмдер рөлінің әр алуан екендігі анықталған.
Қаңқа еті бірыңғай салалы бұлшық етке қарағанда тез қажиды.
Бұлшық еттің қажу себебі толығынан зерттелмеген.
    И. Шифф бұлшық еттің қажуы оның энергия қорының әсіресе,
гликогеннің азаюынан деп түсіндіреді («әлсіреу» теориясы).
Бірақ қажыған бұлшық етте гликоген біржола жойылып кетпейді,
оның деңгейі қажыған соң да әжептәуір болады. Е. Пфлюгер
бұлшық еттің қажуы ұзақ жұмыс істеу салдарынан етте сүт, фос-
фор қышқылдарының және басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуы-
нан («улану» теориясы) деп санайды. Осыған байланысты бұлшық
еттегі зат алмасу бұзылады. Фосфор қышқылы Ca²+ иондарымен
әрекеттесіп, еттің қозу және жиырылу қасиеттерін төмендетеді және
әрекет потенциалының тууын кешіктіреді. Тәжірибе жүзінде денеден
жекеленіп алынған бұлшық ет қажыған соң, оның қоректі ерітіндісін
(Рингер сұйықтығын) төгіп, қайта жаңартса, бұлшық еттің жұмыс
қабілеттілігі тез қалпына келетіні дәлелденген.

           113

⇐ МАЗМҰНЫ
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118