Page 112 - indexf
P. 112

тер қозғалыс талдағышының орталығын сергітеді, оның қабілетін
арттырады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, жүйке орталығының
нәрленісі (трофикасы), ширақтығы көтеріледі, ол ырғаққа үйрену
деп аталады. Жұмыс үстінде бұрынғы қалпына келу белсендіріледі,
ол іс-әрекеттің физиологиялық ырғағын жеделдетеді.

  31-сурет. Статикалық жұмысқа дейін және одан кейін жұмыс атқарушы
  бұлшық ет жүйкесін стандартты электрлік тітіркендіруге жауап ретінде

    олардың электрлік белсенділігі (ЭБ) мен жиырылу қабілетінің (ЖҚ)
  төмендеуімен көрінетін бұлшық еттік қажу (Я. М. Коц, С. П. Кузнецов

                                          бойынша)

    Нейрофизиологиялық зерттеулер торлы құрылымның жоғары
жүйке орталықтарын сергітетін, яғни жеңілдеткіш ықпалын
көрсетеді. Қажу кезіндігі ми қыртысы орталықтары жұмыскерлігінің
төмендеуі тек мүмкіндік қорының азаюымен ғана емес, оларда туа-
тын тежелу үдерістеріне байланысты. Олар өзара шиеленісіп, жүйке
орталығының ширақтығын, яғни әрекеттер көрінісін әлсіретеді.

    Бұлшық еттің қажуы. Бұлшық етті ұзақ уақыт белгілі бір ыр-
ғақпен тітіркендіріп отырса, ол қажиды, оның жиырылу қабілеті
біртіндеп төмендеп, ақыры мүлде жауап бермей қояды. Бұл уақытша
құбылыс. Біраз үзіліс жасап, тынықтырса, ет қайтадан жиырыла
бастайды, біртіндеп жиырылу қасиеті бастапқы қалпына келеді.
Бұлшық еттің қажуын жазып алуға болады, ол эргограмма деп ата-
лады. Бұлшық еттің жиырылуы пессимум жиілігінен де тоқталады.
Бірақ қажу мен пессимум жиілікте жиырылу тоқтағанмен бұл
екі құбылыстың себебінде және физиологиялық қасиеттерінде
ерекшеліктер бар. Бұлшық еттің қажуы ұзақ уақыт жиырылу
қызметін атқару нәтижесі, дем алған соң еттің жұмыс қабілеттілігі

                                      112

⇐ МАЗМҰНЫ
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117