Page 114 - indexf
P. 114

Жекеленген бұлшық етте оттегі жоқ тек азотқа толған ауада
сақтап тітіркендірсе ондай бұлшық ет тез қажиды («тұншығу» тео-
риясы).

    Осы аталған пікірлер бұлшық еттің қажу сырын толық
анықтамағанымен, оның жеке себептерін көрсете алады. Орга-
низмнен бөлінбеген бұлшық ет қажыған кезде, оның химиялық
құрамындағы гликогеннің, АТФ қышқылының, креатинфосфаттың
азаятыны және актиннің өзгеретіні анықталды. Актомиозиннің
сульфогидрилдік тобы азаяды немесе ол басқа заттармен қосынды
құрады. Сөйтіп, бұлшық ет қажығанда оның ферменттік қасиеті
төмендейді. Мұндай химиялық өзгерістердің дәрежесі жекеленген
бұлшық еттерде өте жоғары, ал организмнен бөлінбеген бұлшық ет-
терде өте төмен болады. Өйткені бұлшық етке қан арқылы оттегі,
қоректік жаңа заттар жеткізіліп, ыдырау өнімдері уақытында
шығарылып тұрады. Организмнен бөлініп алынбаған бұлшық
етті жиырылуы тоқтағанша жүйке арқылы тітіркендіріп, одан соң
бұлшық еттің өзін тітіркендірсе, бұлшық ет жиырылып қажығанын
көрсетеді. Мұнда бұлшық еттен бұрын мионевралдық синапс қажиды
(Н. Е. Введенский). Демек, организмде ет жұмысының тоқтауы оны-
мен байланысты синапстардың, нейрондардың қажуынан да болуы
мүмкін. Сайып келгенде, біртұтас организмде еттің қажуы көп се-
бептер ықпал ететін үдеріс.

    Анаэробтық жаттығуларды, әсіресе, максималды және
максималдыға жуық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде,
бұлшық еттік қажудың пайда болуында фосфагендердің бұлшық ет
ішілік қорының түгесілуі маңызды рөл атқарады (32 А-сурет).

    Оларды орындау соңында бастапқы деңгейден АТФ мөлшері
30-50%-ға, ал КФ 80-90%-ға төмендейді. Бұл жаттығулар үшін фос-
фагендер жетекші энергиялық субстрат болып табылатындықтан
олардың түгесілуі бұлшық ет жиырылуының қажетті қуаттылығын
ұстап тұра алмауға әкеледі. Неғұрлым жүктеме қуаттылығы төмен
болса, соғұрлым жұмыс соңында жұмыс атқарушы бұлшық ет-
терде фосфагендер мөлшері аз кемиді (32 Б-сурет) және бұл кему
бұлшық ет қажуының туындауында көп рөл атқармайды. Аэробтық
жаттығуларды орындау кезінде бұлшық ет ішілік фосфагендер азай-
майды немесе айтарлықтай болмайды. Сондықтан бұл механизм
аталмыш жаттығуларды орындаудағы қажудың дамуында қандай да
бір рөл атқармайды.

           114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119