Page 116 - indexf
P. 116

Максималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау
кезінде бұлшық еттік гликогенолиз жүріп үлгермейді. Сондықтан
бұлшық ет жасушаларында лактаттың жинақталуы көп болмай-
ды. Аэробтық қуаттылықты жаттығу кезінде неғұрлым жүктеме
қуаттылығы төмен болса, соғұрлым анаэробтық гликолиздың бұлшық
еттің энергиямен қамтамасыз етілуінде рөлі аздау болады және
сәйкесінше, жұмыс соңында бұлшық етте лактат мөлшері соғұрлым
төмен болады (32 В-сурет). Максималды анаэробтық қуаттылықты
жаттығуларды орындау кезіндегі сияқты максималды емес аэробтық
қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде де бұлшық етте
лактаттың айтарлықтай жинақталуы болмайды. Сондықтан бұл ме-
ханизм бұлшық ет қажуының дамуында соншалықты маңызды рөл
атқармайды.

    Қажудың дамуында көмірсу ресурстарының (бірінші кезек-
те жұмысшы бұлшық ет пен бауырдағы гликогеннің) түгесілуі
маңызды, ал кейбір жаттығулар үшін шешуші рөл атқарады. Бұлшық
ет гликогені анаэробтық және максималды аэробтық жаттығулардың
энергиялық қамтамасыз етілуі үшін (фосфагендерді есептемегенде)
негізгі субстрат болып табылады. Жаттығуларды орындау кезінде
бұлшық ет гликогені шығыны көп емес, яғни бастапқы мөлшерден
30%-ға дейін және бұлшық ет қажуының маңызды факторы ретінде
қарастырыла алуы мүмкін емес.

    Максималдыға жуық және субмаксималды аэробтық
жаттығуларда көмірсулар (бұлшық ет гликогені мен қан глюкозасы)
тотығу реакцияларына пайдаланылатын жұмысшы бұлшық еттердегі
негізгі энергиялық субстрат болып табылады. Субмаксималды
аэробтық жаттығуларды орындау үдерісінде бұлшық ет гликогені
әсіресе, айтарлықтай шығындалады, сондықтан жалғастыруды
тоқтатқан сәт көбіне негізгі жұмысшы бұлшық еттерде гликогеннің
толықтай немесе тіпті, толық шығындалуымен сәйкес келеді. Бұл
аталмыш жаттығуларды орындау кезінде бұлшық ет гликогенінің
түгесілуін қажудың жетекші механизмі деп есептеуге негіз болады.

    Неғұрлым төмен (орташа және төмен) аэробтық қуаттылықты
жаттығулардың энергиямен қамтамасыз етілуінде көмірсулармен
қатар майлар да (жаттығу қуаттылығы неғұрлым төмен бол-
са, соғұрлым олардың салыстырмалы рөлі көбірек) маңызды рөл
атқарады. Мұндай жаттығуларды орындау соңында жұмысшы
бұлшық еттердегі гликоген мөлшері субмаксималды аэробтық

           116

⇐ МАЗМҰНЫ
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121