Page 117 - indexf
P. 117

жаттығулар кезіндегі дәрежедей болмаса да айтарлықтай
төмендейді. Сондықтан оның түгесілуі қажудың жетекші факторы
ретінде қарастырылмайды. Дегенмен, бұл маңызды фактор, себебі
жұмысшы бұлшық еттегі гликоген мөлшерінің төмендеу шегі бо-
йынша олар жүйке жүйесі үшін жалғыз энергиялық көз болып та-
былатын қан глюкозасын көп дәрежеде пайдаланады. Жұмысшы
бұлшық еттердің глюкозаны пайдалануының артуынан бауырдағы
гликоген қоры төмендейді. Гликогеннің ыдырауы қанға глюкозаның
түсуін қамтамасыз ететіндігі белгілі. Сондықтан орташа аэробтық
қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде қандағы глюко-
за мөлшері төмендеп, гипогликемия дамиды, ол ОЖЖ қызметінің
бұзылуына және қажуға әкелуі мүмкін. Бұлшық ет пен бауырда
гликогеннің бастапқы мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын, бұл
жаттығуларды орындау кезінде соғұрлым кешірек гипогликемия
дамиды және қажу пайда болады. Арақашықтықта көмірсуларды
(глюкозаны) қабылдау бұл құбылыстардың алдын алады және пай-
да болу уақытын алыстатады. Осымен қатар егер көмірсулар сөреге
дейін қабылданса, онда қанға инсулиннің бөлінуі жоғарылайды және
жұмыс кезінде глюкоза концентрациясы төмендейді, яғни соғұрлым
гипогликемия тез дамып қажу пайда болады.

    Қажу мектеп жасындағы балаларда ОЖЖ қызметінің бірқатар
ерекшеліктеріне байланысты ересектерге қарағанда тезірек дами-
ды. Балаларда ішкі тежелу, әсіресе, ажырату және кешікпе теже-
лу үдерістері тезірек бұзылады. Мұнда зейін төмендеуі, қорғаныс
тежелуі дамуы мен ми қыртысы жасушалары қозғыштығының
төмендеуі нәтижесінде белсенділіктің дереу төмендеуіне ауысатын
қозғалыс мазасыздығының пайда болуы көрінеді.

    Балаларда қажудың феноменологиялық картинасы мен оның
дамуындағы жеке факторлардың рөлі ересектердегі сияқты сан ал-
уан. Дегенмен, балаларда қалпына келу үдерістері өтуі мен қажудың
дамуы жылдамдығының ересектерден айтарлықтай айырмашылығы
бар. Балалармен сабақ жүргізу біркелкі, бірсарынды (монотонды)
болмау керек, түрлі жұмыс түрлерін кезектестіріп отыру қажет.
Сонымен қатар балалардың жұмысқа қабілеттілігінің біріншіден,
соңғы сабаққа және дүйсенбіден сенбіге қарай төмендейтінін еске-
ре отырып, оқушының күн режимінде дене мен ой жүктемелері
мазмұнына, сол сияқты оларды белсендіру құралдары мен әдістеріне
мән беру аса маңызды.

           117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122