Page 165 - indexf
P. 165

41-сурет. Бұлшық ет талшықтары типтері және олардың даму барысы.
ГБК- гистосәйкестіктің басты кешені түрлері (A. Giovanelli мәліметтері

                                       бойынша)

    Моторлық бірліктегі барлық талшықтар дәл сондай талшықтар
типінен, мәселен, баяу қимыл бірліктері сәйкесінше, баяу бұлшық
ет талшықтарынан тұрады. Бұл кезде миозин сәйкесінше, АТФ
қышқылын баяу жылдамдықпен пайдаланады. Митохондриялардың
көп болуы себепті АТФ толықтырып отыруға әкелетін жоғары
сыйымдылық тән. Изометриялық жиырылу кезінде күшті үнемдеп
пайдалану мен қайталама баяу изотониялық жиырылудың тиімді
орындалуы тән. Ал жылдам қимыл бірліктері сәйкесінше, жылдам
бұлшық ет талшықтарынан құралады. Мұнда миозин энергияны
циклдік жылдам темпте пайдаланады. Неғұрлым жоғары қуаттылық
немесе изометриялық жиырылу кезінде баяу қимыл бірліктерінің
күші жеткіліксіз болады. Бұл баяу бұлшық ет типтері төзімділік
жаттығулары, ал екіншісі күштік-жылдамдық жаттығулары үшін
бейімді келеді. Мұндағы баяу бірліктер жиырылуға ұзақ уақыт
қабілетті, алайда өте төмен күш тудырады. Ал жылдам бұлшық
ет талшықтары жоғары күшке ие болғанымен, бірақ тотығусыз,
сондықтан қажу да тез орын алады (42-сурет).

    Бұл суретте көрсетілген 3 қимыл бірліктерінің жоғарыдан төмен
қарай (жылдам қажитыннан баяуға дейін) максималды күш салу
деңгейі кеміп отырса, керісінше, төменнен жоғары қарай (баяу-
дан жылдам қажитын бірлікке дейін) сіресе жиырылу уақыты азая
түскен. Сонымен Бурке зерттеулері бойынша ең жоғары күшке
жылдам қажитын бірліктер, ал ең төмен күшке баяу бірліктер ие.

           165

⇐ МАЗМҰНЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170