Page 162 - indexf
P. 162

Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң
тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе, бұған сәйкес бұлшық
еттің жиырылу күші біртіндеп өседі, бірақ тітіркендіргіштің күші
белгілі бір деңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан
әрі күшеймейді.

    Осыған орай тітіркендіргіштің ең төмен (минималдық) және
ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің
құрамындағы моторлық бірліктің әрқайсысының қозу табалдырығы
әртүрлі. Сол себепті минималдық табалдырық ең қозғыш моторлық
бірлікті қоздырады, ал максималдық табалдырық бұлшық еттегі
барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан
бәрін жиырылтады. Мұнымен бірге бұлшық еттің жиырылу күші
тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум және песси-
мум жиілігі болатыны және оның себептері белгілі. Ұзын бұлшық
ет талшықтары қысқаларына қарағанда, қаттырақ жиырылады.
Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.

    Моторлық бірліктердің мөлшері адамның қартаюы барысында
кеми түседі (39-сурет және 12-тараудағы 73-суретте көрсетілген).
Дегенмен, жекелеген бұлшық ет талшықтарының атрофиясын
ішінара алдын алуға және жаттығулар арқылы қалпына келтіруге
болады. Ал жоғалған талшықтарды қалпына келтіру мүмкін емес.

  39-сурет. Жасқа байланысты моторлық бірліктердің азаюы (Campbell et
                       al., J Neurol Neurosurg Psych 36:74-182)

                                      162

⇐ МАЗМҰНЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167