Page 161 - indexf
P. 161

Бұлшық еттің максималды статикалық күші және мак-
сималды ерікті статикалық күші. Бұлшық еттің жиыры-
лу күші тітіркендіргіштің күшіне, жиілігіне және еттің құрылыс
ерекшелігіне, функциялық күйіне байланысты. Бұлшық ет мыңдаған
ет талшықтары шоғынан (топтарынан) тұратыны белгілі. Бұлшық ет
құрылымы, қызметі туралы 2-тарауда толығымен баяндалған бола-
тын (8-15-суреттерді қараңыз).

    Бұлшық ет изометриялық жиырыла отырып, ол үшін мүмкін бо-
латын максималды ширығуы:

    1) сол бұлшық еттердің барлық моторлық бірліктерінің (бұлшық
ет талшықтары) белсенуінде;

    2) оның барлық қозғалыс бірліктерінің толық тетанусы (сіресіп
жиырылуы) режимінде;

    3) тыныштықта ұзындыққа бұлшық ет жиырылуында сияқты 3
жағдай бір мезгілде орындалғанда дамиды.

    Осы жағдайларда бұлшық еттің изометриялық ширығуы оның
максималды статикалық күшіне сәйкес келеді.

    Бұлшық еттердің аз бөлігі ғана ерікті әрекет ете алады. Қаңқа
бұлшық еттерінің күш градациясы негізінен жүйке жүйесімен коор-
динацияланады. Қимыл бірліктерінің саны бұлшық ет ширығуын
бақылауда маңызды рөл атқарады. Моторлық бірліктегі барлық
бұлшық ет талшықтары бір мезгілде байланысатындықтан
жүктемелер күші, жиілігі, т.б. барлық бұлшық ет талшықтарға
бірдей (идентивті) болады (38-сурет).

                      Жұлын

           Мотонейрондар

                                                                                             Бұлшық ет талшықтары

38-сурет. Моторлық бірліктер: мотонейрондар мен олар жабдықтайтын
бұлшық ет талшықтары (From Matthews GG Cellular Physiology of Nerve

                  and Muscle Blackwell Scientific Publications)

           161

⇐ МАЗМҰНЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166