Page 169 - indexf
P. 169

айтарлықтай бұлшық ет күшін дамыту міндеті тұрса, онда ол
жаттықтыру кезінде жоғары бұлшық ет күшімен (оның МЕК 70%-
дан аз емес) орындалатын жаттығуларды жүйелі түрде қолданып
отыру керек. Бұл жағдайда бұлшық етті ерікті басқару, атап айтқанда,
негізгі бұлшық еттердің қозғалыс бірліктерінің, соның ішінде
неғұрлым табалдырық күші жоғары, жылдам қозғалыс бірліктерінің
көп мөлшерінің қатысуын қамтамасыз ететін бұлшық ет ішілік коор-
динация механизмдері жетіле түседі.

Бұлшық ет талшықтары зақымдалуы және дене жаттығулары

    Бұлшық еттер адам организміндегі әртүрлі қозғалыстарды
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі
болғандықтан дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде де оның
зақымдалуы жағдайлары кездеспей қоймайды.

    Бұлшық еттің ұзындығы мен ширығу ерекшеліктеріне байланыс-
ты бұлшық ет талшықтарының зақымдалу дәрежесі де әртүрлі бола-
ды (43-сурет). Бұл зерттеулерден бақылау тобы мен изометриялық
жиырылуға қарағанда ұзара жиырылу кезінде зақымдалу пайызының
нақты (р<0,05) бірнеше есе жоғары екендігін көруге болады. Мұны
спорт практикасында ескерген жөн. Сондай-ақ бұлшық еттің
зақымдалуына басқа да көптеген факторлар, оқыс жағдайлардағы
механикалық зақымдар, ферменттер жетіспеушілігі, шаршау, күштің
азаюы кезіндегі субъективті себептер әсер ететіндігі белгілі.

43-сурет. Бұлшық ет жиырылуы мен бұлшық ет талшықтары зақымдалуы
               (Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 281:R155-R161)

           169

⇐ МАЗМҰНЫ
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174