Page 166 - indexf
P. 166

Уақыт бойынша баяу қимыл бірліктері бірінші, ал жылдам қажитын
бірліктер соңғы орынды иеленген. Жылдам қажитын-резистентті
бірліктер екі көрсеткіш бойынша да орташа мәнді көрсеткен.

    Координациялық (орталық-жүйкелік) факторларға бұлшық
ет аппаратын басқарудың орталық-жүйкелік координациялық
механизмдері – бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық координа-
ция механизмдері жиынтығы жатады.

    Бұлшық ет ішілік координация механизмдері сол бұлшық
еттердегі мотонейрондар импульсациясы саны мен жиілігін және
олардың импульсациясының уақытпен байланысын анықтайды.
ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің максимал-
ды ерік күшін (МЕК) реттеп отырады, яғни осы бұлшық еттердің
ерікті жиырылу күшінің қаншалықты оның максималды күшіне
(МК) жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті,
бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы
күшіне тәуелді болады.

     42-сурет. Қимыл бірліктерінің физиологиялық профилі: моторлық
бірліктегі барлық талшықтар дәл сондай талшықтар типінен тұрады (Mod

          from Burke and Tsairis, Ann NY Acad Sci 228:145-159, 1974)

           166

⇐ МАЗМҰНЫ
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171