Page 163 - indexf
P. 163

40-суретте моторлық бірлік түрлері мен максимум изометрия-
лық күштің байланысы ересектер мен қарттар арасында салыстыра
зерттелінген. Зерттеу нәтижелерінен ҒҒ моторлық бірлігінің жасқа
байланысты азаюын, ал S моторлық бірліктің жастарға қарағанда
қарт адамдарда басым келетінін байқауға болады. Яғни жасқа сай
күшті тудыру жылдамдығы мен қуаттылығының төмендеуі орын
алады.

    Бұлшық еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен
анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады, қатаяды.
Мұндай күшті максималдық күш (МК) дейді. Максималдық күш
сол бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының санына және
оның әрқайсысының жуандығына байланысты.

40-сурет. Моторлық бірлік түрлері мен максимум изометриялық күштің
        байланысы (Kadhiresan et al., (1996) J Physiol 493:543-552)

    Бұлшық ет максималдық күшінің оның анатомиялық көлденеңі
ауданына қатысын бұлшық еттің салыстырмалы күші деп атайды.
Бұл 1 см2-та күш ньютонмен немесе килограммен өлшенеді (Н/см2
немесе кг/см²). Бұлшық еттің анатомиялық көлденеңі деп бұлшық
еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын
айтады, яғни бұлшық ет ұзындығына перпендикуляр жүргізілген
оның көлденең кесіндісі ауданы ретінде анықталады.

           163

⇐ МАЗМҰНЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168