Page 164 - indexf
P. 164

Мұнымен қатар бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі немесе
көлденең ауданы деген де ұғым бар. Егер бұлшық ет талшықтары
бір-бірімен қатар (параллель) жатса, онда бұлшық еттің жинақы
физиологиялық көлденеңі оның анатомиялық көлденеңіне тең бола-
ды. Ал бұлшық ет талшықтары құстың жүні тәрізді қисық орналас-
са, онда әр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең сызығының
ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық ауданынан
жоғары болады. Сондықтан мұндай бұлшық еттер күштірек келеді.
Бұлшық еттің максималдық күшінің физиологиялық көлденеңіне
қатынасы бұлшық еттің абсолюттік күші деп аталады. Ол шама-
мен, 0,5-1 Н/см2 аралығында болады.

    Адамда бұлшық ет күшін өлшеу оның ерікті күш салып, қажетті
бұлшық еттерді максималды жиырылтуға тырысуы кезінде жүзеге
асырылады. Сондықтан адамның бұлшық ет күші туралы айтқанда
максималды ерік күші (МЕК) туралы сөз болады (спорттық пе-
дагогикада бұл түсінікке «бұлшық еттің абсолютті күші» түсінігі
эквивалентті қолданады). Ол:

    1. Бұлшық еттік (шеткі);
    2. Координациялық (орталық-жүйкелік) сияқты 2 топ факторла-
рына байланысты.
    МЕК анықтайтын бұлшық еттік (шеткі) факторларға:
    А) бұлшық ет ауырлығы әсерінің механикалық жағдайы, яғни
бұлшық ет күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Рычагты
түрде бекітілгенде еттің күші жоғары болады;
    Ә) бұлшық ет ұзындығы, өйткені бұлшық ет ширығуы оның
ұзындығына байланысты;
    Б) бұлшық еттің көлденең қимасы (жуандығы), ол қаншалықты
жуан болса, оның бұлшық ет күші де соншалықты жоғары болады;
    В) бұлшық ет композициясы, яғни жиырылған бұлшық еттегі
жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасы жатады
(41-сурет).
    Бұлшық ет талшықтарының типтері тұтас алғанда ең баяу, ба-
рынша тотығатын талшықтардан бастап ең жылдам, гликолизге тез
ұшырайтын талшықтарға дейін болады.
    Қазіргі кезде ғалымдар адам геномын зерттеу барысын-
да гистосәйкестіктің басты кешенінің (ГБК) әртүрлі 10 гендерін
анықтаған. Соның ішінде оның жеті типі адамның қаңқа бұлшық
еттерінде дифференциацияланған. Қимыл бірліктеріндегі ГБК
гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін (41-суретті қараңыз).

                                      164

⇐ МАЗМҰНЫ
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169