Page 160 - indexf
P. 160

VІІ тарау
 Дене сапаларын жетілдірудің
физиологиялық механизмдері

    Бұлшық ет күші қозғалыстың жылдамдығына кері тәуелділікте
болатыны өткен тараулардан белгілі, яғни неғұрлым қозғалыс
жылдамдығы жоғары болған сайын соғұрлым күш төменірек және
керісінше (20-суретті қараңыз). Әртүрлі спорттық жаттығулар «күш-
жылдамдық» қисық сызығының түрлі нүктелеріне жатады. Сыртқы
жүктеме максималды изометриялық бұлшық ет күшіне жуық немесе
оған тең болатын жаттығулар меншікті-күштік жаттығуларға жа-
тады. Мысалы, шығыршықтағы «буынға тұру», «крест», «алдыңғы
тепе-теңдік» гимнастикалық жаттығулары, максималдыға жуық не-
месе максималды салмақты штангамен (бағанамен) орындалатын
ауыр атлетикалық жаттығулар.

    Сыртқы кедергі төмендеген кезде қозғалыс жылдамдығы арта-
ды, ал көрінетін бұлшық ет күші төмендейді. Орындау кезінде са-
лыстырмалы жоғары бұлшық ет жиырылу күші мен жылдамдығы,
яғни үлкен қуаттылық көрінетін максималды изометриялық күштің
40-70%-ына тең сыртқы жүктемелі жаттығулар жылдамдықты-
күштік жаттығуларға жатады. Мысалы, қысқа арақашықтыққа
жүгіру, секіру.

    Аз масса орын ауыстыра орындалатын қозғалыстарда (макси-
малды изометриялық күштен 40%-дан төмен) жылдамдық жоғары,
ал көрінетін бұлшық ет күші салыстырмалы аз. Бұлар жылдамдық
жаттығуларына жатады. Мысалы, орыннан кіші допты лақтыру,
жүктемесіз аяқ-қол қозғалыстары.

    Аталған жаттығу түрлерін бөлетін шекаралар өте шартты болып
табылады.

Бұлшық ет және бұлшық ет күшінің физиологиялық негіздері

    Бұлшық ет изометриялық жиырылу жағдайында максималды
статикалық күшті көрсетеді.

           160

⇐ МАЗМҰНЫ
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165