Page 168 - indexf
P. 168

әкелетін бұлшық еттің МЕК-н анықтау кезінде күштік тапшылық
20%-ға дейін артқан. Балтыр бұлшық еттері көп топтарының макси-
малды ерікті жиырылуы кезінде күштік тапшылық 30%-ға тең.

    Үшінші фактордың маңызы түрлі эксперименттермен
дәлелденген. Мысалы, аяқ-қолдың белгілі бір қалпында жүргізілген
изометриялық жаттықтыру сол қалпында өлшенген МЕК-нің
айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Егер өлшеу аяқ-қолдың басқа
қалпында жүргізілсе, онда МЕК жоғарылауы айтарлықтай бол-
майды немесе мүлдем өспейді. Егер МЕК өсуі жаттыққан бұлшық
еттердің (шеткі фактор) көлденең қимасының артуына ғана байла-
нысты болса, онда ол аяқ-қолдың кез келген қалпында өлшеу кезінде
байқалушы еді. Сәйкесінше, аталмыш жағдайда МЕК өсуі жаттығуға
дейінгіге қарағанда дәл сол жаттыққан қалыпта неғұрлым жетілген
бұлшық ет аппаратын орталық басқаруға байланысты.

    Координациялық фактор рөлі салыстырмалы ерік күші
көрсеткішін анықтау кезінде де айқындалады. Ол МЕК көрсеткішін
бұлшық ет көлденең қимасының мөлшеріне бөлумен анықталады.
Изометриялық жаттығуларды қолдана отырып, 100 күндік
жаттықтырудан кейін жаттыққан қол бұлшық етінің МЕК 92%-ға,
ал олардың көлденең қимасы ауданы 23%-ға өскен. Сәйкесінше, са-
лыстырмалы ерік күші орташа 6,3-тен 10 кг/см² дейін артты. Соны-
мен жүйелі жаттықтыру бұлшық етті ерікті басқарудың жетілуіне
мүмкіндік жасайды. Жаттықпаған қол бұлшық етінің МЕК бұл
қолдың бұлшық ет көлденең қимасының ауданы өзгермесе де соңғы
фактор есебінен біршамаға артқан. Бұл бұлшық еттерді неғұрлым
жетілген орталық басқару симметриялық бұлшық ет топтарына
қатысты көрінуі мүмкін екенін аңғартады. Мұны жаттықтыру әсерін
«тасымалдау» құбылысы дейді.

    Бұлшық еттің жылдам қозғалыс бірліктеріне ең жоғары
табалдырық күші тән екені белгілі. Олардың бұлшық еттердің жалпы
ширығуына үлесі мол, себебі олардың әрқайсысы көптеген бұлшық
ет талшықтарынан құралады. Жылдам бұлшық ет талшықтарында
көп миофибрилдер бар, жуандау және сондықтан олардың жиырылу
күші баяу қозғалыс бірліктеріне қарағанда жоғары келеді. Осыдан
неліктен МЕК бұлшық ет композицияларына тәуелді екені түсінікті,
яғни оларда неғұрлым жылдам бұлшық ет талшықтары көп болса,
соғұрлым олардың МЕК жоғары болады.

    Спортшының алдында жарыс жаттығуларын орындау кезінде

           168

⇐ МАЗМҰНЫ
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173