Page 167 - indexf
P. 167

Бұлшық ет аралық кординация сол және басқа буындардағы
«қажетсіз» антагонист бұлшық еттер белсенділігіне шек қоюда,
«қажет» синергист бұлшық еттерді адекватты (барабар) таңдауда,
аралас және т.б. буындардың бекітілуін қамтамасыз ететін антаго-
нист бұлшық еттер белсенділігінің күшеюінде көрінеді.

    Сонымен, бұлшық еттердің МЕК көрінуі талап етілетін кез-
дерде оларды басқару ОЖЖ үшін күрделі міндет болып табыла-
ды. Осыдан кәдімгі жағдайларда бұлшық еттің МЕК-нің олардың
МК-не қарағанда неліктен азырақ екені түсінікті. Бұлшық еттің МК
мен олардың МЕК арасындағы айырмашылық күштік тапшылық
(мұқтаждық) деп аталады.

    Бұлшық ет аппаратын орталық басқару неғұрлым жетілдірілген
сайын сол бұлшық ет тобының күштік тапшылығы соғұрлым аз бо-
лады. Күштік тапшылық мөлшері үш факторларға:

    1. Адамның психологиялық, эмоциялық күйіне;
    2. Бір мезгілде белсендірілетін бұлшық ет топтарының қажетті
санына;
    3. Оларды ерікті басқарудың жетілдіру дәрежесіне байланысты.
    Бірінші фактор. Адам кейбір эмоциялық күй кезінде кәдімгі
жағдайдағы оның максималды мүмкіндіктерінен асып түсетін күшті
көрсете алатыны белгілі. Мұндай эмоциялық (стрестік) күйге соның
ішінде спортшының жарыс кезіндегі күйі де жатады. Эксперименттік
жағдайларда МЕК көрсеткішінің айтарлықтай жоғарылауы, яғни
күштік тапшылықтың азаюы зерттелушінің күшті эмоциялық реак-
циясын тудыратын жағдайларда, оның күшті мотивациясы (әуестігі)
кезінде байқалады. Мысалы, күтпеген қатты дыбыстан соң және
гипноз, кейбір дәрілік препараттарды қабылдаған кездерде де
аңғарылады. Мұнда оң әсер (МЕК артуы, күштік тапшылықтың
төмендеуі) жаттықпаған адамдарда күшті, ал жақсы жаттыққан
спортшыларда әлсіз көрінеді немесе мүлдем көрінбейді. Бұл спорт-
шыларда бұлшық ет аппаратын орталық басқарудың жетілуінің
жоғары дәрежесін көрсетеді.
    Екінші фактор. Бірдей жағдайларда күштік тапшылық мөлшерін
өлшеу неғұрлым бір мезгілде жиырылған бұлшық ет тобының саны
көп болған сайын соғұрлым жоғары болады. Мысалы, тек қолдың
бас бармағы иілуіне әкелетін бұлшық еттің МЕК өлшеген кезде
түрлі зерттелушілерде осы бұлшық еттердің МК-нен 5-15%-н күштік
тапшылық құраған. Бас бармақ және оның бөліктерінің бүгілуіне

           167

⇐ МАЗМҰНЫ
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172