Page 171 - indexf
P. 171

Сонымен қатар күштік ташылық пен бұлшық еттердің зақымдалу
пайызына пассивті жаттығу мен бұлшық еттердің изометриялық
жиырылуын іске асыра отырып, орындалатын жаттығудың әсері са-
лыстыра зерттелген (46-сурет).

    Бұл зерттеулерде бұлшық еттердің дегенерациясы мен регенера-
циясына назар аударылған. Бұлшық еттің дегенерациясы дегеніміз
оның негізгі қабілеті – жиырылудан айырылу болса, ал оның регене-
рациясы жиырылу қабілетінің қайтадан қалпына келуі болып табы-
лады. Қартаю барысында зақымдарға шалдығудың артатындығына
және оның қалпына келуінің төмендеуіне қарамастан жануарларға
жүргізілген тәжірибелер оларда да зақымдардың алдын алуға мүмкін
болатындығын көрсеткен. Бұлшық ет талшықтарын жаттықтыру
әсіресе, егде адамдарда жиырылу кезінде оқыс зақымдалу
жағдайларын азайтуы мүмкін.

    46-суретте көрсетілгендей, әсіресе, барлық талшықтардың
ішіндегі зақымдалған талшықтар пайызы жаттықпағандарға
қарағанда пассивті жаттыққан жануарларда 2 есе аз (Р<0,05) болған.
Күштік тапшылық пайызы жаттықпағандарға қарағанда жаттыққан 2
топта да (пассивті, изометриялық жаттығу) нақты айырмашылықпен
төмен болған.

46-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа пассивті
және изометриялық жаттықтырудың ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J

                               Physiol 281:R155-R161)

    Ал зақымдалудан 4 күн, 2 апта және 4 аптадан кейін бұлшық
ет талшықтарының біртіндеп қалпына келу динамикасы миолог
ғалымдар түсірген фотосуретте көрсетілген. Перри мен Рудницкий
(2000) еңбектерінде бағаналы (діңгек) жасушалар – сателлиттерден

           171

⇐ МАЗМҰНЫ
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176