Page 172 - indexf
P. 172

бұлшық ет талшықтарының дифференциациялану үдерісіне дейінгі
кезеңдер бейнеленген (47-сурет).

  47-сурет. Сателлит жасушаларының активациясы жолымен бұлшық ет
талшықтарының қалпына келуі Myology (Sanes, McGraw-Hill, 1994); Perry

             and Rudnicki (2000) Frontiers in Bioscience 5:D750-67)

    Спорттық практикадағы күш түсінігі. Күш – адамның өз
бұлшық еттері күші есебінен сыртқы қарсылықты жеңу неме-
се оған қарсы тұра алу қабілеті. Оның мөлшері бұлшық еттердің
физиологиялық кесіндісіне, оның талшықтарының ерекшеліктеріне
және биохимиялық қуатына байланысты болып келетіндігі белгілі.
Күш дене сапасына орталық жүйке жүйесінің қызметі ерекшелігі де
елеулі әсер етеді.

    Күш дене сапасын жалпы және арнайы деп бөлу, белгілі бір
спорт түріне қажетті күш түрлерінің бағытын көрсетеді, ол жаттығу
түрлерін таңдауға байланысты болып келеді.

    Күштің берілу түрлеріне байланысты статикалық және
динамикалық, спорттық кейбір түрлерінде «жарылыстық» деп ата-
латын күш түрлерінің атаулары кездеседі. Динамикалық күш бұлшық
еттердің кедергіні жеңу немесе шегінуі жағдайында іске асырылады.
Бірінші жағдайда бұлшық ет жиырылады, екінші жағдайда созыла-
ды. Динамикалық жұмыс түрлі жылдамдықта, қарқында әрі әртүрлі

           172

⇐ МАЗМҰНЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177