Page 173 - indexf
P. 173

күшті жұмсау жағдайында өтуі ықтимал. Статикалық жағдайда
бұлшық еттер өздерінің ұзындығын өзгертпейтін жағдайда болады.

    Абсолюттік күш динамикалық және статикалық жағдайда
ең жоғары күш қабілетін көрсету болып табылады. Салыстыр-
малы күшке спортшының бір килограмм салмағына бөлінген
күш көрсеткішін алады. Осы көрсеткіштің жоғары және сапалы
деңгейде болуы спортшының спорттық шеберлігінің шыңдалуына
ықпал етеді.

    Арнайы күш қабілетін арттыру алдымен, жалпы дайындық
кезеңдерін өткізуден кейін іске асырылады. Ол спортшының
маманданған спорт түріне қажетті жағдайда жұмыс жасауына
мүмкіндік береді.

    Күш дене сапасын арттыруға арналған әдістемелер бойын-
ша үлкен күш жұмсай орындалатын жаттығулар орындалу уақыты
жағынан жылдам, көп күшті жұмсауды қажет ететін болуы әрі
бағыты жағынан спорт түрінің өзіндік ерекшелігін сақтауы керек
(Д. Оңғарбаева және әріпт., 2013).

    Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігінің байланысы.
Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігі («локалды» төзімділік)
көрсеткіштері арасында күрделі байланыс бар. Сол бір бұлшық ет
тобының МЕК мен статикалық төзімділігі тура тәуелділікке байла-
нысты: сол бұлшық ет тобының МЕК көп болған сайын, соншалықты
таңдалған күштенуді ұзақ ұстап тұруға болады («абсолютті локалды
төзімділік»). Түрлі зерттелушілерде бірдей салыстырмалы бұлшық
ет (мысалы, олардың МЕК-нен 60%) күштенуін дамытатын ерікті
күш пен төзімділік арасындағы басқа байланыс эксперименттер-
де байқалған. Мұнда зерттелуші күшті болған сайын соғұрлым
ол абсолютті мөлшері бойынша бұл күштенуді көбірек ұстап тұра
алады. Бұл жағдайларда жұмыстың орташа шекті уақыты көбіне,
МЕК әртүрлі адамдарда бірдей болады («салыстырмалы локалды
төзімділік»).

    МЕК мен динамикалық төзімділік көрсеткіштері түрлі
мамандандырылған спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын
адамдарда тура байланыста болмайды. Мысалы, ерлер арасындағы
сияқты әйелдер арасында да диск лақтырушылардың аяқ бұлшық
еттері неғұрлым күштірек, бірақ оларда динамикалық локал-
ды төзімділік көрсеткіштері ең төмен болады. Орташа және ұзақ
арақашықтықта жүгіретін желаяқтардың аяқ бұлшық еттерінің күші

           173

⇐ МАЗМҰНЫ
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178