Page 174 - indexf
P. 174

бойынша спортпен шұғылданбайтын адамдардан еш айырмашы-
лығы жоқ, бірақ алғашқыларында динамикалық локалды төзімділік
ерекше жоғары. Сонымен қатар оларда қол бұлшық еттерінің
жоғары динамикалық төзімділігі байқалмаған. Бұлардың барлығы
жаттықтыру әсерінің жоғары арнайылығын көрсетеді: спортшының
жаттықтыру кезінде негізгі болып табылатын бұлшық еттердің
функциялық қасиеттері барлығынан көбірек жоғарылайды. Бұлшық
ет күшін дамытуға бағытталған жаттықтыру бұлшық ет төзімділігіне
айтарлықтай аз ықпал ете отырып, бұл сапаны арттыруға мүмкіндік
беретін механизмдерді жетілдіреді және керісінше.

           Бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы

    Бұлшық ет күші оның (жуандығына) көлденеңіне байланыс-
ты болғандықтан оның артуы сол бұлшық еттердің күшінің
өсуімен сипатталады. Денені жаттықтыру нәтижесінде бұлшық ет
көлденеңінің ұлғаюы бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы (гр. «ги-
пер» – артық, көп, «трофос» – қоректену) деп аталады. Жоғары
мамандандырылған ажыратылған жасуша болып табылатын
бұлшық ет талшығы жаңа талшықтарды түзе отырып, жасушалық
бөлінуге қабілетті емес. Қандай жағдай болса да, бұлшық ет
жасушаларының бөлінуі орын алса, онда ол тек ерекше жағдайда
және өте аз мөлшерде болады. Бұлшық ет жұмысы гипертрофиясы
сондағы бұлшық ет талшықтарының жуандауы (көлемінің артуы)
есебінен жүреді. Бұлшық ет талшықтарының айтарлықтай жуанда-
уы кезінде жалпы сіңірлермен «еншілес» талшықтар түзе отырып,
олардың механикалық бойлай ыдырауы мүмкін. Күштік жаттықтыру
үдерісінде бойлай ыдыраған талшықтар саны артады.

    Бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының:
саркоплазмалық және миофибрилдік сияқты екі типін бөліп көрсе-
туге болады. Саркоплазмалық жұмыс гипертрофиясы дегеніміз
– бұлшық ет талшықтарының көбіне саркоплазма көлемінің, яғни
оның жиырылмайтын бөлімінің артуы есебінен жуандауы. Бұл
тип гипертрофиясы жиырылмайтын, атап айтқанда, бұлшық ет
талшықтары митохондриялық белоктары және гликоген, азотсыз
заттар, креатинфосфат, миоглобин, т.б. сияқты метаболизмдік резерв
мөлшерінің жоғарылауы есебінен жүреді. Жаттықтыру нәтижесінде

           174

⇐ МАЗМҰНЫ
   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179