Page 176 - indexf
P. 176

бүйрекүсті безі қыртысында ғана өндіріледі. Осыған сәйкес ер-
лер организмдерінде әйелдерге қарағанда андрогендер мөлшері
көп. Бұлшық ет массасының ұлғаюындағы андрогендердің рөлі
келесідей көрінеді. Бұлшық ет массасының жасқа байланысты да-
муы андрогендер гормондардың өндірілуінің ұлғаюымен қатар
жүреді. Бірінші елеулі көзге түсетіндей бұлшық ет талшықтарының
жуандауы андрогендердің түзілуі күшейетін 6-7 жаста байқалады.
Жыныстық жетілу басталуымен ұлдарда 11-15 жаста және одан
кейінгі кезеңдерде де жалғасатын бұлшық ет массасының қарқынды
өсуі басталады. Қыздарда бұлшық ет массасының дамуы негізінен
жыныстық жетілу кезеңінде тоқталады. Мектеп жасында бұлшық ет
күшінің өсуі де осыған сәйкес сипатта болады.

    Тіпті, күш көрсеткіштерін дене өлшемімен коррекциялаудан
кейін де күштік көрсеткіштер ересек әйелдерде ерлерге қарағанда
төмен болады. Сонымен қатар егер әйелдерде кейбір сырқаттар
нәтижесінде бүйрекүсті бездердің андрогендер бөлуі күшейе түссе,
жақсы дамыған бұлшық ет рельефі пайда болады, бұлшық ет күші
артады.

    Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде андрогендік гормондар
(анаболик) препараттарын енгізу бұлшық ет белоктары синтезінің
айтарлықтай интенсификациясын тудыратыны дәлелденген.
Нәтижесінде жаттықтырылған бұлшық ет массасы және олардың
күші артқан. Сонымен бірге қаңқа бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы
андрогендік және басқа гормондардың (өсу гормондары, инсулин,
тиреоидты гормондар) қатысуынсыз да жүруі мүмкін.

    Басқа жаттықтыру түрлері сияқты күштік жаттықтыру да
бұлшық еттердегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының
екі негізгі типтерінің арақатынасын өзгертпейді. Сонымен қатар
ол жылдам гликолиздік (ЖГ) талшықтар пайызын арттыра және
сәйкесінше жылдам тотығу-гликолиздік талшықтар (ЖТГ) пайы-
зын азайта отырып, екі жылдам талшықтар түрінің арақатынасын
өзгертуге қабілетті келеді. Мұнда күштік жаттықтыру нәтижесінде
баяу тотығатын талшықтарға (БТ) қарағанда жылдам бұлшық ет
талшықтарының гипертрофия дәрежесі айтарлықтай жоғары. Ал
төзімділікке жаттықтыру гипертрофияға бірінші кезекте баяу
талшықтарды әкеледі. Бұл айырмашылықтар бұлшық ет талшықтары
жұмыс гипертрофиясының дәрежесі олардың жаттықтыру
үдерісіне тартылу шамасымен қатар оның гипертрофияға ұшырау
қабілеттілігіне де тәуелді екенін көрсетеді.

                                      176

⇐ МАЗМҰНЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181