Page 175 - indexf
P. 175

капиллярлардың санының айтарлықтай артуы да бұлшық еттердің
кейбір жуандауын тудыруы мүмкін.

    Саркоплазмалық гипертрофияға баяу (І) және жылдам тотығытын
(ІІ-А) талшықтар неғұрлым бейім келеді. Бұл тип жұмыс гипер-
трофиясы бұлшық ет күшінің өсуіне аз ықпал етеді, бірақ есесіне
ұзақ жұмысқа қабілеттіліктерін айтарлықтай жоғарылатады, яғни
олардың төзімділігін арттырады.

    Миофибрилдік жұмыс гипертрофиясы миофибрилдер саны
мен көлемінің артуымен, яғни бұлшық ет талшықтарының
меншікті-жиырылу аппаратымен байланысты. Мұнда бұлшық ет
талшықтарында миофибрилдердің орналасу тығыздығы артады.
Мұндай бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясы бұлшық
еттердің максималды күшінің (МК) айтарлықтай өсуіне әкеледі.
Және де бұлшық еттердің абсолюттік күші айтарлықтай артады, ал
бірінші типті жұмыс гипертрофиясы кезінде ол мүлдем өзгермейді
немесе тіпті, біраз төмендейді. Миофибрилді гипертрофияға жыл-
дам (ІІ-В) бұлшық ет талшықтары барынша бейім келеді.

    Бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы нақты жағдайларда
олардың біреуі басым келетін екі аталған типтің комбинациясы
ретінде болады. Жұмыс гипертрофиясының бірінші немесе екінші
типінің дамуы бұлшық етті жаттықтыру сипатымен анықталады.
Бұлшық етке салыстырмалы кішкене күш жүктемесімен әсер ету
арқылы төзімділікті дамытатын ұзақ динамикалық жаттығулар
ең алдымен, жұмыс гипертрофиясының бірінші типін тудыра-
ды. Көп бұлшық ет (жаттықтырылған бұлшық ет тобының МЕК-
нен 70% аса) күштенуімен жүретін жаттығулар, керісінше, жұмыс
гипертрофиясының екінші типінің айрықша дамуына әкеледі.

    Жұмыс гипертрофиясының негізіне бұлшық ет белоктарының
қарқынды синтезі және аздаған ыдырауы жатады. Сәйкесінше,
гипертрофияланған бұлшық етте ДНҚ және РНҚ концентрациялары
қалыпты бұлшық етке қарағанда көп болады. Мөлшері жиырылатын
бұлшық етте артатын креатин актин мен миозиннің синтезделуін
күшейте отырып, осылайша бұлшық ет талшықтарының жұмыс
гипертрофиясының дамуына әкеледі.

    Бұлшық ет массасының көлемін реттеуде, атап айтқанда,
бұлшық ет гипертрофиясының дамуында аталық жыныс гормонда-
ры – андрогендер өте маңызды рөл атқарады. Ерлерде олар жыныс
бездерінде және бүйрекүсті безінің қыртыс бөлімінде, ал әйелдерде

           175

⇐ МАЗМҰНЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180