Page 177 - indexf
P. 177

Күштік жаттықтыру жылдам бұлшық ет талшықтары сияқты
баяу бұлшық ет талшықтары да қатысатын қайталана максималды
немесе оған жуық бұлшық ет жиырылуының салыстырмалы аз са-
нымен байланысты. Бірақ аз қайталаудың өзі жылдам талшықтардың
жұмыс гипертрофиясының дамуы үшін жеткілікті. Бұл жыл-
дам талшықтардың баяу талшықтармен салыстырғанда жұмыс
гипертрофиясының дамуына аса бейім екенін көрсетеді. Бұлшық
еттердегі жылдам талшықтардың жоғары пайызы бағытталған
күштік жаттықтыру кезіндегі бұлшық ет күшінің айтарлықтай өсуі
үшін маңызды алғышарты болып табылады. Сондықтан бұлшық
еттеріндегі жылдам талшықтардың пайызы жоғары болатын адамдар
күш пен қуаттылықты дамыту үшін неғұрлым жоғары потенциалдық
мүмкіндіктерге ие.

    Төзімділікке жаттықтыру салыстырмалы аз күшті бұлшық
ет жиырылуының қайталануының көп болуымен байланысты.
Бұл негізінен баяу бұлшық ет талшықтарының белсенділігімен
қамтамасыз етіледі. Сондықтан жылдам, әсіресе, жылдам гликолиздік
талшықтардың гипертрофиясымен салыстырғанда осы жаттықтыру
түрінде баяу бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының
неғұрлым айқын көрінуі түсінікті.

Жылдамдықты-күштік сапаның (қуаттылықтың)
                 физиологиялық негіздері

    Максималды қуаттылық (кейде «жарылыс» қуаттылығы деп
те атайды) күш пен жылдамдықтың оптималды үйлесуі болып та-
былады. Қуаттылық лақтыру, секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру,
күрес сияқты көптеген спорттық жаттығуларда көрінеді. Спортшы
неғұрлым қуаттылығын жоғары дамытса, соғұрлым оның снарядты
лақтыру немесе өзінің денесінің қозғалу жылдамдығы жоғары бо-
лады. Себебі снарядтың немесе дененің мәрелік жылдамдығы оған
берілген күшпен, жылдамдықпен анықталады.

    Қуаттылық бұлшық ет күшінің немесе жылдамдығының неме-
се екеуінің де өсуі есебінен артуы мүмкін. Көбіне, қуаттылықтың
айтарлықтай өсуіне бұлшық ет күшінің артуы есебінен жетеді.

    Қуаттылықтың күштік компоненті (динамикалық күш).
Бұлшық ет жұмысының динамикалық режимі жағдайында

           177

⇐ МАЗМҰНЫ
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182