Page 178 - indexf
P. 178

(концентрлі немесе эксцентрлі жиырылу) өлшенетін бұлшық ет
күші динамикалық күш (Ғ) ретінде белгіленеді. Ол бұлшық еттің
концентрлі жиырылуы кезінде үдеумен (а), массамен (m) немесе
бұлшық еттердің эксцентрлі жиырылу кезінде масса қозғалысының
баяулауы бойынша (кері белгімен үдеу) анықталады. Бұл анықтама
физика заңына негізделген: Ғ= m х а. Мұнда көрінетін бұлшық ет
күші орын ауыстыратын масса көлеміне байланысты: орын ауысты-
ратын массаның артуымен күш көрсеткіштері кейбір шекте өседі,
әрі қарай массаның артуы динамикалық күштің артуымен қатар
жүрмейді.

    Динамикалық күшті өлшеу кезінде зерттелуші күрделі бұлшық
еттен тыс және бұлшық ет ішілік координациялы қозғалысты
орындайды. Сондықтан динамикалық күш көрсеткіштерінің түрлі
адамдарда айтарлықтай айырмашылықтары бар және сол бір
адамды қайталап өлшеу кезінде изометриялық (статикалық) күш
көрсеткіштеріне қарағанда көбірек болады.

    Бұлшық еттердің концентрлік жиырылуы кезінде өлшенетін
динамикалық күш статикалық күшке қарағанда аз. Әрине, мұндай
салыстырулар екі жағдайда да зерттелушінің максималды күш са-
луы және бірдей буындық бұрыштар кезінде жүргізіледі. Эксцентрлі
жиырылу режимінде бұлшық еттер максималды изометриялық
күштен айтарлықтай асатын динамикалық күшті көрсетуге қабілетті.
Бұлшық ет жиырылуының осы режимінде қозғалыс жылдамдығы
неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым көрінетін динамикалық
күш жоғарырақ болады.

    Зерттелушілерде статикалық және динамикалық күш
көрсеткіштері арасында шамалы корреляция байқалады (корреляция
коэффиценті шамамен, 0,6-0,8).

    Динамикалық жаттықтыру нәтижесінде динамикалық күштің
артуы статикалық күштің жоғарылауын тудырмауы мүмкін.
Изометриялық жаттығулар немесе динамикалық күшті арттырмай-
ды немесе статикалық күшке қарағанда айтарлықтай азырақ артты-
рады (48-сурет).

    Мұның барлығы жаттықтыру әсерінің төтенше арнайылығын
көрсетеді: жаттығудың (статикалық немесе динамикалық) белгілі бір
түрін қолдану нәтиженің неғұрлым айтарлықтай жоғарылауын тап
сол жаттығу түрінде тудырады. Мұнымен бірге бұлшық ет күшінің
барынша өсуі сол жаттықтыру жүретін қозғалыс жылдамдығы
кезінде байқалады.

                                      178

⇐ МАЗМҰНЫ
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183