Page 179 - indexf
P. 179

Бұлшық ет күшінің біріне бұлшық ет күшінің тез көрінуі
қабілеттілігін сипаттайтын жарылыс күші жатады. Ол мысалы, түзу
аяқпен жоғары секіруде немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіруде
биіктікті, максималды мүмкін болатын жылдамдықпен қысқа
біртұтамға жүгіруде орын ауыстыру жылдамдығын едәуір шамада
анықтайды. Жарылыс күші көрсеткіші ретінде күш градиенттері,
яғни максималды көрінетін күштің оған жету уақытына қатынасы
ретінде немесе қандай да бір бұлшық ет күшінің таңдаулы деңгейіне
(абсолютті градиент), немесе максималды күштің жартысына, не-
месе оның қандай да бір басқа бөліміне (салыстырмалы градиент
күші) жету уақыты ретінде анықталатын оның өсу жылдамдығы
қолданады. Күш градиенті жылдамдықты-күштік спорт түрлері
өкілдерінде (қысқа қашықтыққа жүгірушілерде) спортпен ай-
налыспайтын адамдарға немесе төзімділікке жаттығатын спорт-
шыларға қарағанда жоғары келеді. Әсіресе, күштің абсолюттік
градиенттерінде айтарлықтай айырмашылықтар болады.

    Жарылыс күш көрсеткіштері максималды ерікті изометриялық
күшке көп тәуелді емес. Мәселен, изометриялық жаттығулар
статикалық күшті арттыра отырып, күш градиенттері көрсеткіштері
бойынша немесе секіргіштік көрсеткіштері бойынша (биіктікке түзу
аяқпен секіру немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіру) анықтала-
тын жарылыс күшін айтарлықтай емес өзгертеді. Сәйкесінше, жа-
рылыс күштеріне жауапты физиологиялық механизмдер статикалық
күшті анықтайтын механизмдерден ерекшеленеді. Жарылыс күшінің
көрінуінде координациялық факторлар арасында активті бұлшық
еттер мотонейрондары импульсациясы маңызды рөл атқарады. Ол
разряд басындағы импульсациясы жиілігі мен әртүрлі мотонейрон-
дар импульсациясының синхрондалуымен сипатталады. Неғұрлым
мотонейрондар импульсациясының бастапқы жиілігі жоғары болған
сайын соғұрлым бұлшық ет күші тезірек өседі.

    Жарылыс күшінің көрінуінде жылдам және баяу бұлшық ет-
тер қатынасына, яғни олардың композициясына айтарлықтай ша-
мада тәуелді бұлшық еттердің жылдамдықты жиырылу қасиеті өте
үлкен рөл атқарады. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің жоғары
білікті өкілдерінде жылдам талшықтар бұлшық ет талшығының
негізгі массасын құрайды. Жаттықтыру үдерісінде бұл талшықтар
баяу талшықтарға қарағанда, неғұрлым елеулі гипертрофияға
ұшырайды. Сондықтан жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің

           179

⇐ МАЗМҰНЫ
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184