Page 180 - indexf
P. 180

өкілдерінде жаттықпаған адамдармен немесе басқа спорт түрі
өкілдерімен, әсіресе, төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт-
шыларымен салыстырғанда жылдам талшық бұлшық еттің негізгі
массасын құрайды немесе көлденең қимасында айтарлықтай үлкен
алаңды алып жатады.

    Қуаттылықтың жылдамдықтық компоненті. Ньютонның
2-заңына сәйкес неғұрлым массаға жұмсалған күш көп болған са-
йын соғұрлым сол масса қозғалатын жылдамдық жоғары болады.
Осылайша бұлшық ет жиырылу күші қозғалыстың жылдамдығына
ықпал етеді: неғұрлым күш көп болса, соғұрлым қозғалыс жылдам
болады.

   48-сурет. Жаттықтырудың әртүрлі әдістері кезінде «күш-жылдамдық»
тәуелділік өзгерісі (А) мен күш моментінің салыстырмалы өзгерістері (Ә)

                         (Д. Ю. Бравая, Я. М. Коц бойынша):
      0º/с – изометриялық жаттықтыру, 40 º/с және 160 º/с - көрсетілген

            қозғалыс жылдамдығымен изокинетикалық жаттықтыру

    Қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы екі факторларға:
    1. Жылдамдықты арттыру өлшеміне (жылдамдық екпініне);
    2. Максималды жылдамдыққа байланысты.

                                      180

⇐ МАЗМҰНЫ
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185