Page 185 - indexf
P. 185

сабақтары үдерісінде, әсіресе, анаэробтық қуаттылықты қайталама-
интервалдық жаттығуларды қолдану кезінде спортшының жоғары
жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, қанда және дененің басқа
сұйықтықтарында сүт қышқылының едәуір жоғары концентра-
циясына (және сәйкесінше рН едәуір төмен мәні) оның «шыдауы-
на» мүмкіндік беретін механизмдер дамиды. Әсіресе, бұл орташа
арақашықтық желаяқтарына тән.

    Н. Н. Яковлев мәліметтері бойынша күштік және жылдамдықты-
күштік жаттықтыру жаттықтырылған бұлшық еттерде белгілі
бір биохимиялық өзгерістер тудырады. Жаттықпаған адамдарға
қарағанда, оларда АТФ және КрФ мөлшері біршама жоғары (20-
30%-ға) болса да, оның жоғары энергиялық мәні жоқ. Фосфагендер
(АТФ, АДФ, АМФ, КрФ) айналымының (ыдырау және ресинтез)
жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокина-
за мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек
маңызды.

    Спорттық практикадағы жылдамдық түсінігі. Жылдамдық –
адамның қысқа уақыт аралығында көп қозғалыс жасай алу қабілеті.
Жылдамдық дене сапасы қарапайым және күрделі жан-жақты
қозғалыс деп шартты түрде екіге бөлінеді.

    Қарапайым қозғалыс: әсер етушіге жауап жылдамдығы, бір
реткі қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс қарқыны жылдамдығы деп
бірнеше түрге бөлінеді.

    Әсер етушіге жауап жылдамдығына – тітіркендіргіштерге (ды-
быс, жарық, ыстық – суық, т.б.) жауап беруге кететін уақыт мөлшері
алынады. Ол қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

    Қарапайым түріне алдын ала белгілі әсер етуші тітіркендіргіш-
терге жауап беру уақыты жатады. Мысалы, сөреден жүгіріп шығуға
берілген дыбысқа кететін уақыт аралығы.

    Күрделі жауапқа, алдын ала белгісіз жағдайға жауап беру-
ге кететін уақыт мөлшері алынады. Мысалы, спорттық ойын-
дар кезіндегі, күрес, жекпе-жек түрлеріндегі аяқ астынан болатын
өзгерістерге жауап беру уақыты. Күрделі жауап берудің: бірі талдау
арқылы, екіншісі қозғалыстағы затқа жауап беру жылдамдығы деген
екі түрі болады.

    Бір реткі қозғалыс жылдамдығына сыртқы әсердің төменгі
жағдайында орындалған және көп күш жұмсалмаған жеке
қозғалысты орындауға кеткен уақыт мөлшері есептеледі.

           185

⇐ МАЗМҰНЫ
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190