Page 184 - indexf
P. 184

л-ге жетуі мүмкін. Оттегі қарыздылықтың мөлшері өте өзгермелі,
сондықтан нәтижені нақты болжауда қолданылмайды.

    Оттегі қарыздылықтың алактацидті (жылдам) фракция-
сы өлшемі бойынша жылдамдықты-күштік сипаттағы (спринт)
өте қысқа мерзімдік жаттығуларды қамтамасыз ететін анаэробтық
(фосфагендік) сыйымдылық бөлігін бағалауға болады. Ол арнайы
формуламен есептеледі.

    Оттегі қарыздылықтың «фосфагендік фракциясының» типтік
максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2
л О2. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нәтижесінде ол
1,5-2 есеге артуы мүмкін.

    Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан
кейін оттегі қарыздылықтың едәуір (баяу) фракциясы анаэробтық
гликолизбен, яғни жылдамдықты-күштік жаттығуларды орын-
дау үдерісінде сүт қышқылының түзілуімен байланысты және
сондықтан лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл
оттектік қарыздылықтың бөлігі СО2 мен Н2О дейін тотығу мен гли-
когенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға
қолданылады.

    Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды
сыйымдылығы жас жаттықпаған ер адамдарда дене салмағына 200
кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының
максималды концентрациясымен сәйкес келеді. Жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын айтулы спортшыларда
қандағы сүт қышқылының максималды концентрациясы 250-300
мг%-ға дейін жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг мак-
сималды лактацидтік (гликолиздік) сыйымдылыққа сәйкес келеді.

    Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері
бар. Ең алдымен, спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
спортшылар неғұрлым жұмыстың жоғары қуаттылығын дамытуға
және оны барынша ұзақ сақтауға қабілетті. Бұл, атап айтқанда,
жұмысқа көп бұлшық ет массасының қатысуымен (рекрутир-
леу), соның ішінде жоғары гликолиздік қабілеттілікке ие жылдам
бұлшық еттер талшықтарының жұмысқа қатысуымен қамтамасыз
етіледі. Жоғары білікті спортшыларда – жылдамдықты-күштік
спорт түрлері өкілдерінде бұлшық еттердегі бұл талшықтардың
көп мөлшері жоғары гликолиздік қуаттылық пен сыйымдылықты
қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Бұдан басқа жаттықтыру

           184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189