Page 182 - indexf
P. 182

месе одан асатын арнайы қозғалыстарды (жарыс жаттығуларындағы
сияқты) жаттықтыру сабақтарында орындау керек.

       Жылдамдықты-күштік жаттығулардың энергиялық
                                  сипаттамасы.

    Барлық жылдамдықты-күштік жаттығулар энергиялық тұрғыдан
алып қарағанда, анаэробтық жаттығуларға жатады. Олардың шекті
ұзақтығы 1-2 минуттан аз. Бұл жаттығуларға энергиялық сипаттама
беру үшін:

    1. Максималды анаэробтық қуаттылық;
    2. Максималды анаэробтық сыйымдылық (қабілеттілік) сияқты
екі негізгі көрсеткіштер қолданады.
    Максималды анаэробтық қуаттылық. Сол адам үшін жұмыстың
максималды қуаттылығы бірнеше секундқа ғана созылуы мүмкін.
Мұндай қуаттылықты жұмыстар бұлшық ет фосфагендерінің (АТФ
және КрФ) анаэробтық ыдырауы есебінен орындалады. Сондықтан
бұл заттардың қоры және әсіресе, олардың энергиялық утилдену
жылдамдығы максималды анаэробтық қуаттылықты анықтайды.
Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) және секіру нәтижелері макси-
малды анаэробтық қуаттылыққа тәуелді жаттығулар болып табы-
лады. Максималды анаэробтық қуаттылықты бағалауда Маргарий
тесті қолданады.
    Жоғарыдағы кестеде әйелдер және ерлер үшін максималды
анаэробтық қуаттылықтың «нормативті» көрсеткіштері келтірілген
(9-кесте).
    Максималды анаэробтық сыйымдылық бағалауда шекті
ұзақтықты жұмыстан соң (1-ден 3 минутқа дейін) айқындалатын ба-
рынша оттектік қарыздылық, яғни максималды оттектік қарыздылық
өлшемі кең қолданылады. Бұл жұмыстың кейін пайдаланатын артық
оттегі мөлшерінің едәуір бөлігі жұмыс кезінде анаэробтық үдерістер-
ге шығындалған АТФ, КрФ және гликоген қорларын қалпына келтіру
үшін қолданылуымен түсіндіріледі. Қандағы катехоламиндердің
жоғары деңгейі, дененің жоғары температурасы, жиі жиырылатын
жүрек пен тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерінің оттегіні көп
пайдалануы сияқты факторлар да ауыр жұмыстан кейін қалпына
келу уақытында оттегі пайдаланудың жоғары жылдамдығының

           182

⇐ МАЗМҰНЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187