Page 181 - indexf
P. 181

Бірінші фактор спортшының жүгіру жылдамдығын қаншалықты
тез арттыратынын анықтайды. Бұл фактор қысқа біртұтам
арақашықтыққа (10-15 метр) жүгіруде, дененің бір қалыптан басқаға
максималды тез орын ауыстыруын талап ететін спорттық ойын
түрлерінде айтарлықтай маңызды. Неғұрлым ұзақ арақашықтыққа
жүгіруде жылдамдықты арттыру өлшеміне қарағанда максималды
жүгіру жылдамдығы аса маңызды. Егер спортшыда жылдамдықтың
көрінуінің екі түрінің де жоғары деңгейі болса, ол оған қысқа
қашықтыққа жүгіруде үлкен артықшылық береді.

    Жүгіру жылдамдығының осы екі факторы бір-бірімен тығыз бай-
ланыста емес. Бір спортшыларға баяу жылдамдықты арттыру тән,
бірақ олар жоғары максималды жылдамдыққа ие. Ал басқаларда,
керісінше, тез жылдамдық арттыру және салыстырмалы көп емес
максималды жылдамдық болады.

    Қуаттылықтың жылдамдықтық компонентін жоғарылатудың
маңызды механизмдерінің біріне бұлшық ет жылдамдықты жиыры-
лу қасиетінің артуы жатады, басқаға бұлшық ет жұмысының коор-
динациясын жақсарту болып табылады.

    Бұлшық еттің жылдамдықты жиырылу қасиеті айтарлықтай
дәрежеде жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының
арақатынасына тәуелді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде, әсіресе, қысқа қашықтыққа жүгірушілерде спорт-
пен шұғылданбайтындарға, тіптен, төзімділікке жаттығатын айтулы
спортшыларға қарағанда жылдам бұлшық ет талшықтарының пайы-
зы айтарлықтай жоғары.

    Бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық координация да
қозғалыс жылдамдығының (қуаттылықтың) артуына мүмкіндік
туғызады, себебі жоғары жылдамдықпен сыртқы кедергіден өте
отырып, бұлшық ет координациялық жұмысы кезінде олардың күш
салуы серіктеседі. Атап айтқанда, жақсы бұлшық ет аралық коор-
динация кезінде бір бұлшық еттің (немесе бұлшық ет тобының)
жиырылуға күш салуы басқа бұлшық еттердің (немесе бұлшық
еттер тобының) алдындағы күш салумен жасалған жылдамдық
шыңына жақсы сәйкес келеді. Сәйкесінше, келесі күш салу неғұрлым
тиімдірек болады. Антагонист бұлшық еттер босаңсу дәрежесі мен
жылдамдығы қозғалыс жылдамдығына ықпал ететін маңызды фак-
тор болуы мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығын арттыру керек бол-
са, жаттықтыру жаттығуларында қолданатын жылдамдыққа тең не-

           181

⇐ МАЗМҰНЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186