Page 24 - indexf
P. 24

7-сурет. Эллипстік тренажер

    Жүктеменің жекеленген циклдеріне организмнің жедел немесе
мерзімдік реакцияларын бағалауда:

    1.	Бұл реакцияларды бағалауда организмнің күйіне ықпал
ететіндіктен қоршаған орта (температура, ылғалдылық,
жарықтандыру, шу деңгейі) жағдайларын ескеру қажет;

    2.	Тәуліктік және етеккір циклдерін ескеріп, тест жүргізуді
тәуліктің сол белгілі бір уақытында және етеккір циклінің белгілі бір
кезеңдерінде жүргізу керек;

    3.	Тестілеу режимінің зерттелуші үшін үйреншікті дене қызметі
типімен максималды сәйкес келуі өте маңызды.

    Сонымен, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы:
бақылау, табиғи және зертханалық тәжірибе (эксперимент), антро-
пометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін зерттеу), эргоме-
трия (дене қызметінде жүктеме мөлшерін анықтау), динамометрия
(бұлшық ет топтарының жиырылу күшін өлшеу), рефлексоме-
трия (рефлекстік реакциялардың күші мен (немесе) жылдамдығын
өлшеу), электромиография (бұлшық еттердің электрлік үдерістерін

           24

⇐ МАЗМҰНЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29