Page 207 - indexf
P. 207

мүмкіндік беретін Кердо индексі жиі қолданылады. Вегетативті то-
нус тіршілік пен сыртқы әсерлердің тепе-теңдігін сақтау мақсатында
барлық мүшелердің қызметін реттейтін организм функциясы болып
табылады. Кердо индексі:

    V.I.=(1-D/P)*100
формуласы бойынша анықталады. Мұндағы,

    V.I.– вегетативтік индекс (ВИ);
    d – диастолалық артериялық қан қысымы (мм сынап бағанасы);
    Р – пульс жиілігі (екп/мин).
    Осы формулаға сәйкес, егер индекс мәні нөлден жоғары (+) болса,
вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық ықпалының (симпатико-
тония), ал теріс (-) мән болатын болса, керісінше, парасимпатикалық
ықпалдың (парасимпатикотония) жоғары екендігін көрсетеді. Егер
нөлге тең болса, функциялық тепе-теңдікті (эйтония) көрсетеді. Мы-
салы, артериялық қан қысымы 130/60 мм сынап бағанасы, пульс 80
екп/мин. делік, онда d/p=0,75, V.I.=+25 (симпатикотония), ал егер
артериялық қан қысымы 130/80 мм сынап бағанасы; пульс 60 екп/
мин. тең болса, d/p=1.33, V.I.=-33 (парасимпатикотония).

ЖЖЖ  160            III
     140            II

     120            I
     100
                    5 10       15 20 ìèí
     80
     60             Жүктеме  Қайта қалпына келу

        50

          Тыныштық

50-сурет. Дене жүктемелері қарқындылығының ЖЖЖ-не ықпалы
                            (L. Droucha бойынша):

І – жеңіл жүктеме;
ІІ – орташа жүктеме;
ІІІ – ауыр жүктеме

                    207

⇐ МАЗМҰНЫ
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212