Page 208 - indexf
P. 208

Төзімді спортшыларда ЖЖЖ төмендеуі систолалық қан
көлемінің ұлғаюы есебінен өтеледі. Тыныштық күйде неғұрлым
ЖЖЖ төмен болса, соғұрлым систолалық қан көлемі жоғары бо-
лады. Егер систолалық көлем жаттықпаған адамдарда тыныштық
күйде орта есеппен, 70 мл болса, ал жоғары білікті спортшыларда
(тыныштық күйде ЖЖЖ 40-45 екп/мин) 100-120 мл болады.

    Систолалық көлем төзімділікке ұзақ қарқынды жаттықтыру
нәтижесінде біртіндеп артады және жүректегі екі негізгі
өзгерістердің: жүрек қуысы көлемінің ұлғаюы (дилятация) және
миокардтың жиырылу қабілетінің жоғарылауы салдары болып та-
былады.

    Қарынша көлемінің ұлғаюы арқасында оның соңғы диастолалық
көлем, яғни қарынша сыйдыра алатын максималды қан көлемі де
өседі, функциялық қалдық сыйымдылығы, яғни систола аяқталған
соң қарыншада қалған қан мөлшері жоғарылайды және қарыншадағы
қанның резервті көлемі, яғни функциялық қалдық сыйымдылық пен
қанның қалдық көлемі арасындағы айырмашылығы жоғарылайды.

    Қанның резервті көлемі жүректің функциялық резервінің өлшемі
болып саналады: неғұрлым бұл резерв көп болса, бұлшық ет жұмысы
кезінде әр жиырылған сайын соғұрлым жүректен айдалатын қан
көбірек болады. В. Л. Карпман мәліметтері бойынша ол спортшы-
ларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда тыныштық
күйде систолалық көлемнің жоғары болғанына қарамастан сол жақ
қарыншаның толық (әрине, диастолалық) көлемінен біріншілерде
50%-дан аз, ал екіншілерінде 80% жуық болады.

    Жүрек жұмысының максималды көрсеткіштері максималды
аэробтық жүктемені (ОМП деңгейінде) орындау кезінде тіркеледі.
Үлкен ОМП тек жоғары максималды жүректің минуттық қан
көлемі (МҚК) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда екі
есе жоғары болатын спортшыларда ғана болуы мүмкін. Мәселен
тредбанда жүгіру кезінде айтулы швед шаңғышыларында ОМП
деңгейінде жүректің минуттық қан көлемі орта есеппен 38 л/мин, ал
солардың 6,24 л/мин. ОМП жоғары біреуінде 42,3 л/мин. (81,1 мл/
кг-мин) болған.

    Максималды ЖЖЖ тіпті, ұзақ емес төзімділікке жаттықтыру
нәтижесінде біршама, бірақ өте айтарлықтай емес 3-5 екп/
мин-қа төмендейді. Жоғары білікті спортшыларда спортпен
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 10-15 екп/мин. төмен бо-

           208

⇐ МАЗМҰНЫ
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213