Page 209 - indexf
P. 209

латын максималды ЖЖЖ көбіне, 185-195 екп/мин. тең болады
(10-кестені қараңыз). Бұл ұзақ көп жылдар бойы жаттықтыру
сияқты конституциондық (туа пайда болған) ерекшеліктер салдары-
нан да болуы ықтимал. Максималды ЖЖЖ төмендеуіне жүректің
өзінің көлемінің ұлғаюы да әкелуі мүмкін.

    Спортшыларда максималды жүректің минуттық қан көлемі
систолалық көлемнің артуы есебінен жоғарылайды. Систолалық
көлем қаншалықты дәрежеде артса, соншалықты максимал-
ды жүректің минуттық қан көлемі және сәйкесінше ОМП да
жоғарылайды. Систолалық көлемнің артуы – бұл жүрек-тамыр
жүйесі және тұтас барлық оттегі тасымалдау жүйесі үшін төзімділік-
ке жаттықтырудың басты функциялық нәтижесі.

    Төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт түрлерінің үздік
өкілдерінде максималды систолалық көлем 190-210 мл-ге дейін жет-
се, ал жаттықпаған ер адамдарда көбіне, 120-130 мл-ден аспайды.
Салыстырмалы төмен ЖЖЖ кезіндегі жоғары систолалық көлем ең
бастысы ұлғайған оттектік пульсті, яғни жүректің әр жиырылуына
келетін тұтынған оттегі мөлшерін анықтайды.

    Ұлғайған максималды систолалық көлем ең әуелі:
    1.	Жүрек қуысының (қарыншаларының) үлкен мөлшері, яғни
ұлғайған қарыншалардың соңғы-диастолалық және функциялық
қалдық сыйымдылығы;
    2.	Атап айтқанда, салыстырмалы жоғары қан айналымдағы
қанның жалпы көлемі мен қанның орталық көлемі есебінен
қамтамасыз етілетін жүрекке қанның веноздық қайтарылуының
ұлғаюы;
    3.	Қарыншалардың неғұрлым толық босауын, яғни неғұрлым
жаттыққан жүректің қанның резервті көлемін толық пайдалану-
ын қамтамасыз ететін миокард жиырылғыштығының жоғарылауы
арқасында мүмкін болады.
    Сонымен қатар жаттықпаған адамдарда систолалық көлем
көбіне, ОМП 40%-ға дейін жұмыс жүктемесінің артуымен
өсетінін атап өткен жөн. Жүктемені әрі қарай жоғарылату кезінде
ол айтарлықтай өзгермейді және жүректің минуттық қан көлемі
ЖЖЖ артуы есебінен өседі. Жаттыққан спортшыларда систолалық
көлем көбіне, максималды аэробтық жүктемеге дейін артады. Бұл
олардағы систолалық көлемнің өсуі (ЖЖЖ жоғарылауымен бірге)
максималды аэробтық жүктемеге дейін үлкен қуаттылықты жұмыс

           209

⇐ МАЗМҰНЫ
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214