Page 210 - indexf
P. 210

кезінде жүректің минуттық қан көлемінің артуының резерві болып
табылатындығын көрсетеді. Бұдан басқа спортшы жүрегінің әр жи-
ырылуы кезінде тіпті, ЖЖЖ 185-190 екп/мин. болғанның өзінде
қанның көп көлемін айдауға қабілетті екенін көруге болады. Бұл тек
миокардтың жоғары жиырылғыштығының арқасында ғана мүмкін
болады. Әлі неғұрлым жоғары ЖЖЖ кезіндегі систолалық көлемнің
диастоланың (босаңсу уақыты) және (немесе) систоланың (жиыры-
лу уақыты) критикалық қысқаруынан азаюы ықтимал. Бұл жақсы
жаттыққан спортшыларда неліктен максималды ЖЖЖ 190 екп/мин-
тан сирек асатындығын түсіндіреді.

    Оттегі пайдалануы бірдей максималды емес аэробтық
жүктемелер кезінде жүректің минуттық қан көлемі жақсы
жаттыққан спортшыларда орта есеппен жаттықпаған адамдардағы
сияқты болады. Тек біраз зерттеушілер ғана оның өте кішкене
төмендеуін жоғары жаттықтыру күйіндегі («спорттық формадағы»)
спортшыларда байқаған.

    Спортшыларда жүректің жиырылу жиілігі жаттықпаған
адамдардағы сияқты жүктеменің немесе оттегі пайдалану
жылдамдығының артуымен сызықтық түрде жоғарылайды. Бірдей
абсолютті (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей) жүктеме кезінде
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
ЖЖЖ төмен, ал сәйкесінше, систолалық көлем жоғары болады.
Неғұрлым спортшының жаттықтырылу дәрежесі мен оның аэробтық
мүмкіндіктері (ОМП) жоғары болған сайын кез келген максималды
емес аэробтық жүктемені орындау кезінде ЖЖЖ соғұрлым төмен
болады.

    Кез келген максималды емес аэробтық жүктемені орындау кезін-
де ЖЖЖ төмендеуі төзімділікке жаттықтырумен байланысты жүрек
қызметінің ең тұрақты және ең айқындалған функциялық өзгерістері
болып табылады. Салыстырмалы үлкен систолалық көлем кезінде
салыстырмалы төмен ЖЖЖ жүректің тиімді жұмысын көрсетеді.
Жаттыққан адамдардағы тыныштық күйдегі брадикардия негізінен
парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежелудің күшеюінің нәтижесі
болып табылса, ал салыстырмалы жұмыс брадикардиясы жүрекке
симпатикалық қоздырғыш ықпалдың азаюымен байланысты болуы
ықтимал.

    Аэробтық мүмкіндіктері әртүрлі деңгейдегі спортшылар
мен жаттықпаған адамдар арасындағы үлкен айырмашылықтар

           210

⇐ МАЗМҰНЫ
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215