Page 212 - indexf
P. 212

11 см³/кг-ға жуық болады. Төзімділікке жаттығатын спортшылар-
да бір жағынан, жүректің жалпы және салыстырмалы көлемдері
мен екінші жағынан, ОМП арасында оң корреляциялық байланыс
көрінеді. Мамандануы бір спортшыларда орта есеппен неғұрлым
спорттық біліктілігі (спорттық нәтиже) жоғары болған сайын,
соғұрлым жүректің көлемі үлкенірек болады.

    Жүректің жалпы өлшемі оның қуысының көлеміне және олар-
дың қабырғасының жуандығына байланысты. Сондықтан ол диля-
тация (қуыс өлшемінің кеңеюі) есебінен сияқты миокард гипертро-
фиясы (қуыс қабырғасының жуандауы) есебінен де өзгеруі мүмкін.

    Төзімділікке жаттығатын спортшылар жүрегіне қарыншалардың
үлкен дилятациясы мен олардың қабырғасының қалыпты неме-
се біраз ұлғайған жуандығы тән. Дилятацияланған (кеңейген)
қарыншалар диастола кезеңінде өздеріне қанның көп мөлшерін сый-
дыра алады, бұл ұлғайған систолалық көлем үшін алғы шарт болады.

    Жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдеріне керісінше,
көбіне жүрек қарыншалары қуысы өлшемінің қалыпты немесе
біраз ғана ұлғаюы, ал бірақ оның қабырғасының елеулі гипертро-
фиясы тән. Бұл спортшылар жүрегінің жалпы көлемі спортпен
шұғылданбайтын адамдардан жоғары болуы мүмкін, бірақ екі топ
өкілдерінде де систолалық көлемді арттыру қабілеті бірдей десе де
болады.

    Сонымен, жүрек гипертрофиясы арнайы болады, яғни оның типі
жаттықтыру әрекетінің ерекшеліктерімен анықталады. Төзімділік
жаттығулары көп реттік болып сипатталады, бірақ көптеген қаңқа
бұлшық еттерінің жиырылу күші бойынша салыстырмалы аз және
жүректің минуттық қан көлемінің көп мөлшерін ұстауды талап етеді.
Мұндай «көлемдік стрессорлар» деп атауға болатын жаттықтыру сти-
мулдары әсеріне жауап ретінде қанның көп мөлшерімен толығатын
және соңғы-диастолалық қысымның жоғарылауына әкелетін жүрек
қуысының дилятациясы туындайды. Сондықтан гипертрофияның
бұл түрін тоногендік дилятация (тонос – қысым) деп атайды.
Жылдамдықты-күштік жаттығуларды орындау кезінде артериялық
қан қысымының күшті қысқа мерзімдік жоғарылауы («абыр-
жу стрессоры») қажет. Бұл стимулға жауап ретінде қарыншалар
қабырғасының жуандауымен жүретін жүрек гипертрофиясы дами-
ды.

    Миокард гипертрофиясы негізінде миокардиалдық

           212

⇐ МАЗМҰНЫ
   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217