Page 213 - indexf
P. 213

талшықтардағы белок синтезінің күшеюі жатыр. Мұнда төзімділікке
жаттықтыру кезінде жүректе тек контрактильді белоктардың (актин,
миозин және т.б.) синтезі күшейіп ғана қоймай, сонымен бірге оның
тотығу метаболизмімен байланысты белоктардың, атап айтқанда,
митохондриялық белоктар мен ферменттердің синтезі де күшейеді.
Жүрек бұлшық етінің қанмен жабдықталуын және аэробтық
метаболизмін жақсартатын капиллярлар саны да параллельді қатар
артады.

    Дилятацияланған жүрек жұмысының тиімділігі. Жүрек ди-
лятациясы оған бірнеше энергиялық артықшылықтар береді.
Спортшының дилятацияланған жүрегі салыстырмалы төмен ЖЖЖ
кезінде систолалық көлемнің артуы есебінен жүректің минуттық
қан көлемінің көп дәрежеде жоғарылауына мүмкіндік береді. Бұл
жүректің энергия жұмсауын төмендетеді және неғұрлым жоғары
ЖЖЖ есебінен осындай жүректің минуттық қан көлемін қамтамасыз
ететін жаттықпаған жүрекпен салыстырғанда оның механикалық
тиімділігін жоғарылатады. Бұдан басқа дилятацияланған жүректің
ұзын миокардиалдық талшықтары кәдімгі өлшемдегі жүрек
талшықтарына қарағанда (Франк-Старлинг механизмі) аз қысқаруы
кезінде көп ширығудыдамытады (Старлингтің «жүрек заңы»
ережесі: жүректің жиырылу күші ет талшықтарының диастола
кезіндегі ұзындығына байланысты немесе жүректің жиырылу күші
– ет талшықтары ұзындығының қызметі, жүрек диастола кезінде
қанға толып қатты керілсе, соғұрлым жиырылу күшін күшейтіп
жүректен шығатын қан мөлшері көбейеді). Нәтижесінде жүрек
қуысының көлемі үлкен спортшылар тіпті, жоғары ЖЖЖ кезінде де
үлкен систолалық көлемді ұстап тұруға қабілетті келеді.

    Жүрек метаболизмі аэробтық жол арқылы ғана өтетіні белгілі.
Сондықтан да жүрек жұмысы тұтасымен оттегімен және энергиялық
заттармен (глюкоза, май қышқылдары және лактатпен) тұрақты және
жеткілікті жабдықталуына тәуелді болады. Төзімді спортшылар-
да жаттыққан жүрек метаболизмінің ең маңызды ерекшеліктеріне
келесілерді атаған орынды:

    1.	Жаттықпаған жүрекке қарағанда молынан капиллярлану мен
митохондрия және митохондриялық тотығу ферменттері мөлшері
көп болуының арқасында жаттыққан жүрекке оттегі жеткізілу мен
утилденуінің максималды жылдамдығы жоғары болады.

    2.	Бірдей субмаксималды аэробтық жұмыс кезінде жаттыққан

           213

⇐ МАЗМҰНЫ
   208   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218