Page 214 - indexf
P. 214

жүректе жаттықпаған жүрекке қарағанда қанмен жабдықталу және
оттегі пайдалану аз болады. Жаттыққан жүректен шығатын веналық
қандағы неғұрлым оттегінің жоғары парциалдық кернеуі барлық
миокардиалдық жасушалардың оттегімен жабдықталуы үшін
қолайлы жағдай тудыратынын көрсетеді.

    3.	Жаттыққан жүрек лактатты қаннан экстракциялау мен
утилдеудің жоғары қабілетіне ие. Артериялық қандағы лактаттың
бірдей концентрациясы кезінде төзімді спортшының жүрегі
жаттықпаған жүрекке қарағанда лактатты көбірек экстракциялай-
ды. Егер максималды аэробтық жұмыс кезінде барлық тотығатын
энергиялық заттар ішінде лактат үлесі жаттықпаған адамдар-
да шамамен, 60%-ға жетсе, ал өте төзімді спортшыларда 80%-дан
жоғары болады, Басқаша айтқанда, жаттыққан жүректің тотығу
метаболизмінің көпшілік бөлігі лактатты пайдалану есебінен жабы-
лады.

    Жүректің минуттық қан көлемінің таратылуы, бұлшық
ет қан айналымы және АВА-О2. Жаттыққан спортшылардың
аэробтық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі тек жүректің минуттық
қан көлемінің көп болуына ғана емес оны неғұрлым тиімді пай-
далану қабілетіне де байланысты. Бұл қабілет жүйелік АВА-О2
өлшемімен, яғни оң жақ жүрек арқылы өтетін аралас веналық қан
мен артериялық қандағы оттегі мөлшерінің айырмашылығымен
бағаланады. Неғұрлым жүйелік АВА-О2 көп болса, соғұрлым ор-
ганизм жүректің минуттық қан көлемін тиімді пайдаланады және
соғұрлым оның оттегі тасымалдау жүйесі үнемді жұмыс атқарады.
Жаттыққан спортшылардағы артериялық қандағы оттегі мөлшері
тыныштық күйде де, кез келген қуаттылықты аэробтық жүктеме
кезінде де спортпен шұғылданбайтын адамдардағы мөлшерден
ерекшеленбейді. Сондықтан төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде
жүйелік АВА-О2 ұлғаюы аралас веналық қандағы оттегі мөлшерінің
төмендеуі есебінен, яғни қанмен тасымалданатын оттегінің
соншалықты толық пайдалануы есебінен болуы мүмкін.

    Қалыпты жаттыққан және жаттықпаған ер адамдарда ара-
лас веналық қандағы оттегі мөлшерінің орындалатын жүктеме
қуаттылығы өлшемі бойынша шамамен бірдей төмендеуі байқалады.
Максималды аэробтық жұмыс кезінде аралас веналық қанның әр
литріне ол орта есеппен 55 мл О2 жуық болады. Бұл жағдайларда
жүйелік АВА-О2шамамен, 140 мл О2/л болады. Өте төзімді спорт-

           214

⇐ МАЗМҰНЫ
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219