Page 215 - indexf
P. 215

шыларда жаттықпаған адамдармен бірдей (оттегі пайдалануы тең)
жұмыс орындау кезінде аралас веналық қандағы оттегі мөлшері
төмен. Мұндай спортшыларда аралас веналық қандағы оттегінің ми-
нималды мөлшері орта есеппен 25 мл О2/л жуық болады. Сондықтан
оларда АВА-О2 максималды жүйесі жаттықпаған адамдарға
қарағанда жоғары, орта есеппен 150-155 мл О2/л тең келеді
(10-кестені қараңыз).

    Сәйкесінше төзімділікті жаттықтыратын спортшылар өздерінің
оттегі тасымалдау жүйесі мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді жүзеге
асырады, себебі жаттықпаған адамдарға қарағанда жүректен айдала-
тын қан көлемінің әр бірлігінен оттегіні көбірек алады.

    Жаттықтыру үдерісінде белсенді және белсенді емес мүшелер
арасында қан айналымының қайта таратылуы жетілдіріледі,
сондықтан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда жұмыс
атқарушы бұлшық еттерге бағытталған жүректің минуттық қан
көлемінің максималды үлесі көбірек болады.

    Төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде жаттықтырылған бұлшық
еттердегі капиллярлар саны артады. Жаттықтырылған бұлшық
еттердің молынан капиллярлануы – олардың жұмыс қабілеттілігін
жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі. Капиллярлық
тор көлемінің ұлғаюы арқасында спортшыларда спортпен
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды мүмкін бо-
латын бұлшық еттік қан айналымы жоғары болады. Төзімділікті
жаттықтыратын спортшыларда капиллярлық қабырғалар арқылы
түрлі заттардың, соның ішінде оттегі диффузиясының жалпы
жылдамдығы да жоғары болады, сәйкесінше жаттықпаған бұлшық
етке қарағанда жаттыққан бұлшық ет ала алатын оттегінің макси-
малды мөлшері көп болады.

    Жаттықтырылған бұлшық еттер қаннан оттегіні экстракциялау-
дың (және утилдеудің) жоғары қабілеттілігіне ие. Жаттықтырылған
бұлшық еттердің көлем бірлігіне максималды оттегіні пайдалану
жылдамдығы жаттықтырылмаған бұлшық еттерге қарағанда шама-
мен, 1,5 есе жоғары болады. Бұл жаттықтырылмаған бұлшық еттер-
ге қарағанда жаттықтырылған бұлшық еттерге осындай мөлшерде
оттегіні алу үшін қанның аз көлемінің қажет екенін білдіреді.
Сондықтан бірдей жұмыстарды орындау кезінде жұмыс атқаратын
бұлшық ет арқылы өтетін қан айналымы жаттықтыруға дейінгіге
қарағанда жаттықтырудан кейін төмен болады. Бірдей субмаксимал-

           215

⇐ МАЗМҰНЫ
   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220