Page 216 - indexf
P. 216

ды жұмыс кезінде спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда
жұмыс атқаратын бұлшық ет массасының 1 кг-на қан айналымы
төмен болып келеді.

    Бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орындау кезінде
(оттегі пайдалануы тең) спортшылармен спортпен шұғылданбайтын
адамдарда жүректің минуттық қан көлемі шамалас мәнге тең.
Сәйкесінше, спортшыларда жұмыс атқарушы бұлшық еттерге
бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің үлесі (абсолюттік
л/мин. және салыстырмалы %-бен) азырақ келеді. Сонымен, олар-
да жұмыс кезінде дененің басқа мүшелері мен ұлпаларына, соның
ішінде жатыр бөлімі мен тері торларына көп қан бағытталуы мүмкін.
Сондықтан спорттық жаттығуларды орындау кезінде жаттықпаған
адамдарға қарағанда спортшылардың маңызды ішкі мүшелері
неғұрлым қанмен жабдықталудың қолайлы жағдайында болады.

    Жүректің минуттық қан көлемінің тері қан айналым жүйесіне
неғұрлым айтарлықтай бөлігінің бағытталу мүмкіндігі спортшылар-
да жылу шығарудың күшеюі үшін жақсы жағдай жасалғанын және
осылайша дене температурасының қажетсіз жоғарылауының алдын
алуын көрсетеді. Бұл бірдей жұмысты орындау кезінде жаттықпаған
адамға қарағанда жаттыққан тұлғаның дене температурасының
төмен болып келуінің басты себептерінің бірі болып табылады.

    Максималды аэробтық жұмыс кезінде іс басқаша белгілі
жағдайда болады. Ең әуелі мұндай жүктемелер қуаттылығы мен
шекті ұзақтығы бойынша спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары және екіншілерге бұл қол
жеткісіз болады. Спортшылардың оларды орындау мүмкіндіктері,
атап айтқанда, жұмыс атқарушы бұлшық еттерге бағытталған
жүректің минуттық қан көлемінің көптігімен және оның ұлғайған
үлесімен (%) қамтамасыз етілетін жұмысшы бұлшық еттерге
уақыт бірлігінде оттегінің көп мөлшерін жеткізетін оттегі тасымал-
дау жүйесінің жоғары қабілеттілігімен анықталады. Максималды
аэробтық жүктеме кезінде спортпен шұғылданбайтын адамдардың
жаттықпаған бұлшық еттеріне қарағанда спортшының жұмыс
атқарушы бұлшық еттері уақыт бірлігінде қанның айтарлықтай
көп бөлігін алады және сонымен қатар одан оттегіні көбірек экс-
тракциялайды. Бұл жағдайларда жүректің минуттық қан көлемінің
өте көп үлесі (85-90%-ға дейін жұмыс атқаратын бұлшық еттер-

           216

⇐ МАЗМҰНЫ
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221