Page 220 - indexf
P. 220

жаттықтыру бұлшық ет талшықтары саркоплазмалық кеңістігінің
ұлғаюымен көп мөлшерде байланысты саркоплазмалық типті
жұмыс гипертрофиясына әкеледі.

    Елеулі маңызды өзгерістер мұнда, сонымен қатар бұлшық
ет талшықтарының жеке фибрилдер аралық құрылымдық
компоненттерінде, әсіресе, митохондрияда жүреді. Төзімділікке
жаттықтыру үдерісінде бұлшық ет талшықтарының митохондрия-
лық мембранасын құрайтын белоктар синтезі күшейеді. Нәтижесінде
бұлшық ет талшықтары ішіндегі митохондрия саны мен өлшемі ар-
тады. Жоғары білікті спортшыларда, мысалы, орталық және шеткі
митохондрияның көлемдік тығыздығы жаттықпаған адамдарға
қарағанда сәйкесінше, 50 және 300% көп. Спортшы және спортпен
шұғылданбайтын әйелдерде митохондрияның көлемдік тығыздығы
мен өлшемі ер адамдарға қарағанда азырақ келеді. Қаншалықты ми-
тохондрия саны мен көлемі артқан сайын (және сәйкесінше тотығу
метаболизмі митохондриялық ферменттер белсенділігі жоғары),
соншалықты бұлшық еттердің оған қанмен жеткізілген оттегіні
утильдеу қабілеті жоғары болады.

    Бұлшық ет талшықтарының капиллярлануы. Төзімділікке
жаттықтыру бұлшық ет талшығын қоршап жатқан капилляр-
лар санының артуын тудырады, сондықтан ең әуелі бір бұлшық
ет талшығына келетін капиллярлар саны өседі. Сондықтан
талшықтардың жуандауына (гипертрофиясына) қарамастан капил-
лярдан неғұрлым олардың ішіндегі алыстау (орталық) митохондрияға
дейін арақашықтық қалай дегенмен жаттықтыру алдындағы
арақашықтықпен салыстырғанда азаймайды. Жаттықпаған адам-
дарда бұлшық ет талшығының көлденең кесіндісінің 1 мм²
капиллярлардың орташа саны 325, ал жаттыққан адамдарда 400 бо-
лады.

    Жақсы жаттыққан спортшыларда бұлшық ет талшығы
5-6 капиллярлармен қоршалуы мүмкін. Ер адамдарда бұл сан
әйелдерге қарағанда бірнешеге жоғары болады. Баяу және жыл-
дам талшықтарда ортақ капиллярлар болуы мүмкін, бірақ орта
есеппен жылдам талшықтарға қарағанда (спортшылардағы сияқты
жаттықпаған адамдарда да) баяу талшықтар айналасындағы капил-
лярлар тығыздығы жоғары, ал жылдам гликолиздік (ІІ-В) талшықтар
айналасына қарағанда жылдам тотығатын (ІІ-А) талшықтар айнала-
сында көп болады.

           220

⇐ МАЗМҰНЫ
   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224   225