Page 219 - indexf
P. 219

Екіншіден, тіпті, көптеген айлар бойы төзімділікке
жаттықтырудың өзі дегенмен төзімділікке қатысты айқын әсерлерді
тудыра отырып, яғни спорттық нәтижені, ОМП, баяу талшықтардың
жуандығын және тотығу метаболизмі ферменттерінің белсенділігін
жоғарылатса да, бұлшық еттердегі жылдам және баяу талшықтардың
қатынасын өзгертпейді.

    Үшіншіден, қарқынды жаттықтырылған бұлшық еттерде тотығу
потенциалы және т.б. биохимиялық сипаттамасы жоғары болса да
осы және аз жаттықтырылған бұлшық еттердегі баяу және жылдам
талшықтардың пайызы бір маманданған спортшыларда мөлшермен
бірдей болады. Аяқ бұлшық еттеріне көп жүктеме түсе орындалатын
жаттығушыларда бұл бұлшық еттердегі баяу талшықтардың пайызы
қол бұлшық еттердегі шамасындай болады.

    Төртіншіден, монозиготалы (генетикалық идентивті) және дизи-
готалы (генетикалық идентивті емес) егіздерді зерттеу нәтижелері
біріншілерде бұлшық еттердегі талшықтардың екі типі қатынасының
(тіпті, егер екеуінің бірі спортпен белсенді шұғылданып, ал
екіншісі шұғылданбаса да) өте таяу, ал екіншілерде бұлшық ет
композицияларының көп вариациялы болуының мүмкін екендігін
көрсетеді.

    Сонымен бірге төзімділікке жаттықтыру кезінде жаттықтырыл-
ған бұлшық ет композициясында бәрібір де белгілі арнайы қайта
құрылулар жүреді. Спортшының жүктеме түскен бұлшық еттерінде
жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ-В) жоқ десе де болады және жыл-
дам талшықтардың негізгі массасын жылдам тотығатын талшықтар
(ІІ-А) құрайды. Осылайша төзімділікке жаттықтыру баяу және жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының өзгеріссіз қатынасы кезінде жылдам
талшықтардың басым бөлігінің (немесе бәрін) жылдам тотығатын
талшықтарға (ІІ-А) айналуына себепші болады. Бұл ұзақ төзімділік
жаттығуларын орындауға неғұрлым бейімделген және негізінен
аэробтық метаболизмге қабілетті талшықтардың жалпы пайызын
арттырады.

    Бұлшық ет талшықтарының құрылымдық ерекшеліктері.
Төзімділікке жаттықтыру әсерлерінің бірі бұлшық ет талшықтары-
ның жуандығының артуы, яғни жұмыс гипертрофиясы болып та-
былады. Бұл туралы спортшылар мен жаттықпаған ер адамдардағы
түрлі типтегі бұлшық ет талшықтарының көлденең кесіндісі
ауданындағы айырмашылықтар куәландырады. Төзімділікке

           219

⇐ МАЗМҰНЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224