Page 218 - indexf
P. 218

Бұлшық ет аппараты және төзімділік

    Спортшының төзімділігі өз кезегінде бұлшық ет талшықтары-
ның арнайы құрылымдық және биохимиялық қасиеттерімен
анықталатын оның бұлшық ет аппаратының физиологиялық
ерекшеліктеріне едәуір мөлшерде тәуелді болады.

    Бұлшық ет композициялары. Адамның бұлшық ет талшық-
тары екі негізгі баяу (І) және жылдам (ІІ) типтерге жататыны белгілі
(осы тараудағы 41-суретті қараңыз).

    Жылдам талшықтардың: жылдам тотығу-гликолиздік (ІІ-А) және
жылдам гликолиздік (ІІ-В) сияқты 2 түрі бар. Баяу талшықтар жыл-
дам талшықтарға қарағанда төзімділік жаттығуларын орындауға тән
энергия өнімділіктің аэробтық типі басым келетін ұзақ, салыстырма-
лы күшті емес қайталап жиырылуға жақсырақ бейімделген.

    Төзімділіктің көрінуімен қатар жүретін спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде бұлшық ет композицияларының ажыратылатын
ерекшелігі олардың бұлшық еттерін құрайтын баяу талшықтардың
салыстырмалы жоғары пайызы болып табылады. Мұнда баяу
талшықтар пайызы мен ОМП арасында тура байланыс бар. Осымен
қатар спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда спортшылар-
да баяу талшықтардың бірдей пайызы кезінде ОМП жоғары болады.

    Кейбір мәліметтер бойынша ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде
(стайер) жаттықпаған адамдарға қарағанда, орта есеппен шамамен,
1,5 есе көп болатын баяу талшықтар барлық зерттелген бұлшық
ет талшықтарының 80%-ға жуығын құрайды. Мұның теориялық
жағынан екі себебі бар. Бірінші себеп, бұлшық еттердегі баяу
талшықтардың басым түсуі туа пайда болған, генетикалық алдын
ала анықталған болуы мүмкін. Бұлшық ет аппаратының мұндай
ерекшеліктері бар адам атап айтқанда, неғұрлым баяу («төзімді»)
талшықтардың белсенді қатысуын қажет ететін спорт түрлерінде
жоғары нәтижелерге жетуде зор мүмкіндіктерге ие. Екінші себеп,
баяу талшықтар пайызының артуы төзімділікке жаттықтыру сал-
дары болып табылады және жылдам талшықтар санының сәйкесін-
ше, азаюы есебінен жүреді. Қазіргі уақыттағы бар мәліметтер
бірінші жорамалды растайды.

    Біріншіден, баяу талшықтардың өте жоғары пайызы ешқашан
спортпен айналыспаған адамдарда да байқалады. Бұл жағдайда олар
жақсы ұзақ қашықтыққа жүгіруші (стайер) болуға табиғат берген
мүмкіндікті пайдаланбаған деп болжау орынды.

                                      218

⇐ МАЗМҰНЫ
   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223